Хабарландыру «Үздік білім беру ұйымы – 2025» Павлодар облысы әкімінің грантын тағайындауға арналған конкурстың II кезеңін өткізу туралы

Хабарландыру

 

«Үздік білім беру ұйымы – 2025» Павлодар облысы әкімінің грантын тағайындауға арналған

конкурстың II кезеңін өткізу туралы

 

 

Құрметті әріптестер!

 

«Үздік білім беру ұйымы» конкурсын өткізу жоспарына сәйкес байқаудың ІІ кезеңі басталғанын хабарлаймыз. Бұл кезеңге I аудандық (қалалық) (іріктеу) кезеңінің жеңімпаздары (балабақшалар, мектептер, колледждер, қосымша білім беру мекемелері) қатысады.

Конкурстың мақсаты – тиімді педагогикалық және басқарушылық тәжірибені анықтау, жинақтау және тарату, педагогтар мен білім беру ұйымдары басшыларының кәсіби және жеке өсуін ынталандыру, жалпы білім беру жүйесінің даму тенденцияларын анықтау. Осыған орай, «Үздік білім беру ұйымы - 2025» конкурсы жарияланады.

Өтінімдерді қабылдау: 18.07.2025 - 31.07.2025 ж. аралығында өтеді. Бағалау және қорытындылау: 10.08.2025 ж. дейін

Білім беру ұйымдары конкурсқа қатысу үшін конкурстық комиссияға құжаттарды citdopvl@yandex.kz электрондық поштаға және Павлодар қаласы, Қайырбаев к-сі, 32 мекенжайы бойынша білім басқармасына «Үздік мектепке дейінгі ұйым», «Үздік жалпы орта білім беру ұйымы», «Үздік қосымша білім беру ұйымы», «Үздік техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы» тақырыбын көрсетіп тапсырады. (қосымша білім беру ұйымдары 429 кабинетке, мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдары 432 кабинетке, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары 424 кабинетке)

 

Келесі құжаттар қоса беріледі:

1) конкурсқа қатысуға өтінім;

2) Байқау Ережесінің № 1, № 2, № 3, № 4 қосымшаларында көрсетілген критерийлерге сәйкес тиісті құжаттар.

 

Барлық сұрақтар бойынша бөлімдерге келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады:

 

- тәрбие жұмысы және қосымша білім беру бөлімі - 32-38-67, 32-31-51

- мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімі - 32-14-91, 32-18-21

- техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі - 32-19-40.

 

Құрметпен, конкурсты ұйымдастырушы - Білім басқармасы!!!

 

Дата публикации
18 июля 2025