Облыс білім беру басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) «Сыбайлас жемқорлықты алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» төртінші үлгілік базалық бағытын іске асыру аясында, 2025 жылғы 9 маусымда сағат 15.00-де Павлодар қаласы, Қайырбаев к-сі, 32 (акт залы) мекенжайы бойынша Басқарма мен ведомствоға бағынысты бөлімдер/білім беру ұйымдарының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауы өткізіледі.