Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың басшыларын лауазымға тағайындауға арналған Конкурс

"Павлодар облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 "мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары" бұйрығына сәйкес коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың (бұдан әрі-КМҚК)басшыларын лауазымға тағайындауға конкурс жариялайды:

-Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар ауданы білім беру бөлімінің «Еркежан» Заря сәбилер бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (мекенжайы: Павлодар ауданы, Заря ауылы, Школьная көшесі, құрылыс 2А,тел. 8(71845)57603), э/пошта: erkesad18@mail.ru);

- Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар ауданы білім беру бөлімнің «Розовка сәбилер бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (мекенжайы: Павлодар ауданы, Розовка ауылы, Гагарин көшесі 2Д, тел. 871845-54568, э/пошта: rozdetskysad@mail.kz);

- Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар ауданы білім беру бөлімінің «Ямышев сәбилер бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (мекенжайы: Павлодар ауданы, Новоямышево ауылы, Кунаев көшесі 1, тел. 8(71845)51172), э/пошта: yamsad2011@mail.ru);

«Еркежан» Заря  сәбилер бақшасы – мемлекеттік тілде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың бағдарламаларын жүзеге асыратын мектепке дейінгі мекеме. 2017 жылдан бастап жұмыс істейді. Жобалық қуаттылығы – 55 орын.

Розовкасәбилер бақшасы – қазақ және орыс тілінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың бағдарламаларын жүзеге асыратын мектепке дейінгі мекеме. 1972 жылдан бастап жұмыс істейді. Жобалық қуаттылығы – 80 орын.

Ямышев сәбилер бақшасы – мемлекеттік тілде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың бағдарламаларын жүзеге асыратын мектепке дейінгі мекеме. 2011 жылы құрылған. Жобалық қуаттылығы – 60 орын.

Лауазымдық жалақының мөлшері еңбек өтіліне байланысты 205747теңгеден 273507теңгеге дейін.

Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген бірінші басшы лауазымының кандидатына қойылатын біліктілік талаптары:

Мектепке дейінгі білім беру ұйымы басшысының біліктілікке қойылатын талаптары:

жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі бес жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымда соңғы екі жыл, ауылдық жерде - үш жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымда соңғы бір жыл;

немесе бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшы немесе педагог - зерттеуші немесе педагог – шебер біліктілігінің болуы; «үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары» немесе «екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары» немесе «бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары» немесе «басшы-ұйымдастырушы» немесе «басшы-менеджер» немесе «басшы-көшбасшы» біліктілік санатының болуы;

осы тармақтың 3-абзацындағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл;

арнайы мектепке дейінгі ұйымның басшысы (меңгерушісі) үшін біліктілікке қойылатын талаптар:

«Арнайы білім» бағыты бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім, тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім, педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификат; педагогикалық жұмыс өтілі 3 жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымда бір жыл;

және (немесе) педагогтің, немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің, немесе бірінші немесе жоғары біліктілік санатының болуы.

Бірінші басшының лауазымдық міндеттері:

нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының (бұдан әрі – МДҰ) қызметін басқарады;

педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады;

педагогикалық кеңеспен бірлесіп белгіленген тәртіппен оқу жұмыс жоспарларын, қосымша мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын, оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу мен бекітуді ұйымдастырады, ішкі тәртіп ережелерінің сақталуын бақылайды;

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 29031 болып тіркелген) бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (бұдан әрі - білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты) сәйкес "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушы 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 14235 болып тіркелген) бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларының (бұдан әрі – мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы) іске асырылуын қамтамасыз етеді;

тәрбие-білім беру процесі кезінде ұйым тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне жағдайлар жасайды;

ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде балалар мен ата-аналарды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;

ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру үшін жағдай жасайды;

ұйымды басқару құрылымын айқындайды, қаржылық, шаруашылық, ғылыми, әдістемелік және өзге де мәселелерді шешеді;

тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады, олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді;

әдістемелік бірлестіктердің қызметіне ықпал етеді;

тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау және нығайту, балаларға медициналық қызмет көрсету және тамақтануды ұйымдастыру үшін жағдайларды қамтамасыз етеді;

мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының мүлкі мен құралдарына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, қаржы қаражатының түсімдері мен жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;

оқу-материалдық базаның есебін, сақталуын және нығайтылуын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша санитариялық-гигиеналық режим ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді;

жұртшылықпен, ұйымдармен, ата-аналармен (оларды алмастыратын адамдармен) өзара байланысты жүзеге асырады;

педагог кадрларды және көмекші қызметшілерді іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді;

педагогтердің және басқа да қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін жағдай жасайды;

ұйымның қызметі туралы есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

Білуге тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;

педагогика және психология, әлеуметтанунегіздері;

мемлекеттікжалпығаміндеттібілім беру стандартын, педагогикалықғылым мен практиканыңжетістіктері;

«Педагогикалықәдептіңкейбірмәселелерітуралы»ҚазақстанРеспубликасыБілімжәнеғылымминистрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығында (Нормативтікқұқықтықактілердімемлекеттіктіркеудіңтізіліміне № 20619 болыптіркелген) сәйкеспедагогикалықэтиканыңнормалары (бұданәрі – педагогикалықэтиканыңнормалары);

«Білім беру объектілерінеқойылатынсанитариялық-эпидемиологиялықталаптар»санитариялыққағидаларынбекітутуралы»ҚазақстанРеспубликасыДенсаулықсақтауминистрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығына (Нормативтікқұқықтықактілердімемлекеттіктіркеудіңтізіліміне №23890 болыптіркелген) сәйкессанитариялықережелер мен нормалар (бұданәрі - санитариялықережелер мен нормалар);

компьютерліксауаттылық, ақпараттық-коммуникациялық технология;

экономика, қаржы-шаруашылыққызметнегіздері;

еңбекзаңнамасыныңнегіздері;

ішкіеңбектәртібі, еңбектіқорғауды, еңбекқауіпсіздігінжәнеөрткеқарсықорғауқағидалары.

Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығы негізінде өткізіледі.

Осы Қағидалардың 1-қосымшасының 8-тармағына сәйкес конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе Мемлекеттік корпорацияға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7495 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау және лауазымнан босату қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттама сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;
4) білім тұралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулығы туралы анықтама;
7) психикалық мінез-құлық бұзылыстары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9) Осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес сертификаттаудан өткені туралы сертификат;
10) ҚАЗТЕСТ тапсырғаны туралы сертификат (В1 орта деңгейінен төмен емес)
11) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары;
12) түйіндеме;
13) біліктілік санатын беру (растау) туралы куәлік.
egov.kz электрондық үкімет веб-порталы арқылы:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7495 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау және лауазымнан босату қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парағы және 3х4 көлеміндегі фото;
3) білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулығы туралы анықтама;
6) сертификаттаудан өткені туралы сертификат (бар болса);
7) орта деңгейден (В1) төмен емес Мемлекеттік тілді білуі туралы (ҚАЗТЕСТ) сертификат;
8) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары;
9) түйіндеме;

Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулері, жинақтаған жеке педагогикалық тәжірибесі, марапаттары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты (олар болған жағдайда) қосымша ұсынады.
Осы тармақтың 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсыну көрсетілетін қызметті берушіде оларды тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған кезде талап етілмейді. Осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды жұмыс орнының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері растайды және мөрмен расталады.

Көрсетілетін қызметті беруші мен Мемлекеттік корпорацияның қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар үшін құжаттарды қабылдау Павлодар облысы білім басқармасының ресми Интернет-ресурсында, әлеуметтік желілердің ресми аккаунттарында конкурс өткізу туралы хабарландыру шыққан күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні өткеннен кейін аяқталады.

Конкурстық комиссияның отырысына байқаушылардың қатысуына қатысты ақпарат. Байқаушылардың санын конкурс жариялаған мемлекеттік орган дербес айқындайды:

Конкурстық комиссия отырысына 5-тен артық емес байқаушы қатысуы мүмкін.

Конкурстық комиссия жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына Қазақстан Республикасының азаматтығы бар және он сегіз жастан кем емес байқаушылар шақырылады.

Байқаушы ретінде конкурстық комиссияның отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей қызметкерлерді басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.

Хабарлама конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру мерзімі және қабылдау орны:

21.02.2025-03.03.2025 ж. «Павлодар облысының білім беру басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 140000, Павлодар облысы, Павлодар қ., Қайырбаев көшесі, 32, 402-кабинет.

Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефондары, электрондық мекенжайлары:

анықтама үшін телефон: 8(7182) 32-52-32 электрондық пошта: tursumbaeva.tomiris@pavlodar.gov.kz.

Дата публикации
21 февраля 2025