Қосымша білім беру басшыларын лауазымға тағайындауға арналған конкурс

"Павлодар облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 "мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары" бұйрығына сәйкес қосымша білім беру басшыларын лауазымға тағайындауға конкурс жариялайды

Аудандық оқушылар үйі-қазақ және орыс тілінде қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын мекеме.Қызметтің мақсаты білім беру және оқыту мақсатында қосымша білім беру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады. Ұйым екі қабатты ғимаратта орналасқан.Жобалық қуаттылығы 100 оқушы орны.

- Павлодар облысының білім беру басқармасы, Май ауданы білім беру бөлімінің «Аудандық оқушылар үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны (мекенжайы: Павлодар обл.,Май ауданы, Көктөбе ауылы, Әйтеке би 12, тел. 8(71838)91-6-86, э/пошта: koktobe@edu.kz).

Байғабыл Жылқыбаев атындағы балалар өнер мектебі - кәсіпорын қызметінің мәні музыкалық өнер саласындағы қосымша білім берудің бастапқы музыкалық, көркемдік және басқа да білім беру бағдарламаларын іске асыратын мекеме болып табылады.Кәсіпорын қызметінің мақсаты білім алушылардың білім алу және мәдени қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыру мақсатында қосымша дамытудың білім беру бағдарламаларын қамтамасыз ету болып табылады. Ұйым бір қабатты ғимаратта орналасқан.Жобалық қуаттылығы 100 оқушы орны.

-Павлодар облысының білім беру басқармасы, Май ауданы білім беру бөлімінің «Байғабыл Жылқыбаев атындағы балалар өнер мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны (мекенжайы: Павлодар обл.,Май ауданы,Көктөбе ауылы,С.Сейфуллин к-сі, ғим.2тел. 8(71838)91-9-20, э/пошта: dshi@mayroo.edu.kz).

Лауазымдық жалақының мөлшері еңбек өтіліне байланысты239 352 теңгеден 292 185 теңгеге дейін.

Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген бірінші басшы лауазымының кандидатына қойылатын біліктілік талаптары:

Қосымша білім беру ұйымы басшысының біліктілікке қойылатын талаптары:

тиісті бейіні бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлаудан өткені туралы құжат, білім беру ұйымдарында педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде білім беру жүйесінде үздіксіз жұмыс өтілі соңғы екі жыл, қосымша білім беру ұйымы басшысының орынбасары немесе басшысы лауазымындағы өтілі кемінде екі жыл;

немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы не «басшының үшінші біліктілік санатты орынбасары» немесе «басшының екінші біліктілік санатты орынбасары» немесе «білім беру ұйымы» не «басшы-ұйымдастырушы» немесе «басшы-менеджер» немесе «басшы-көшбасшы», «басшының бірінші біліктілік санатты орынбасары» біліктілік санатының болуы;

осы тармақтың 2,3-азатжолындағы нормаларды қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл.

Бірінші басшының лауазымдық міндеттері:

білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру ұйымын ұйымның Жарғысына және өзге де нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құжаттарға сәйкес басқарады;

мәдени-демалыс қызметі, дене шынықтыру мен спортты дамыту саласында әлеуметтік, қосымша білім беру қызметтерін көрсету бойынша құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және өзара іс-қимылын ұйымдастырады;

басқарудың заманауи әдістері негізінде жұмысты болжайды және жоспарлайды;

қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орындайды;

білім беру сапасын бақылауды жүзеге асырады, білім беру процесі кезінде білім алушылар мен ұйым қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне жағдайлар жасайды;

білім алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жағдай жасайды;

балалар мен ата-аналарды, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;

педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады;

білім беру және тәрбиелеу мәселелері бойынша жақын және алыс шет елдердегі білім алушылардың, тәрбиеленушілердің қосымша білім беру ұйымдарымен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту бойынша шараларды жүзеге асырады, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланады және дамытады;

басқару құрылымын айқындайды, балаларға қосымша білім беру ұйымының қаржы-шаруашылық қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

білім алушылар мен тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады;

педагогтардың жұмысын үйлестіреді, қамқоршылық кеңестің және қоғамдық ұйымдардың, оның ішінде балалар ұйымдарының қызметіне жәрдемдеседі;

оқу-материалдық базаның есебін, сақталуын және толықтырылуын, санитариялық-гигиеналық режим, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді;

педагогтер мен қосалқы персоналды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, олардың кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін жағдай жасайды;

жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің ата-аналарымен (оларды алмастыратын адамдармен) жұмысты үйлестіреді;

есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді;

барлық органдарда ұйымның мүддесін білдіреді және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметті жүзеге асырады.

Білуге тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер, балаларға қосымша білім беру ұйымы жұмысының бейінін және оның ерекшеліктері;

педагогика мен психология;

педагогикалық этиканың нормалары;

экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері;

компьютерлік сауаттылық, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;

еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өртке қарсы қорғау жөніндегі ережелер, санитариялық ережелер мен нормалар.

Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығы негізінде өткізіледі.

Осы Қағидалардың 1-қосымшасының 8-тармағына сәйкес конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе Мемлекеттік корпорацияға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7495 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау және лауазымнан босату қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттама сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;
4) білім тұралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулығы туралы анықтама;
7) психикалық мінез-құлық бұзылыстары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9) Осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес сертификаттаудан өткені туралы сертификат;
10) ҚАЗТЕСТ тапсырғаны туралы сертификат (В1 орта деңгейінен төмен емес)
11) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары;
12) түйіндеме;
13) біліктілік санатын беру (растау) туралы куәлік.
egov.kz электрондық үкімет веб-порталы арқылы:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7495 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау және лауазымнан босату қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парағы және 3х4 көлеміндегі фото;
3) білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулығы туралы анықтама;
6) сертификаттаудан өткені туралы сертификат (бар болса);
7) орта деңгейден (В1) төмен емес Мемлекеттік тілді білуі туралы (ҚАЗТЕСТ) сертификат;
8) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары;
9) түйіндеме;

Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулері, жинақтаған жеке педагогикалық тәжірибесі, марапаттары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты (олар болған жағдайда) қосымша ұсынады.
Осы тармақтың 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсыну көрсетілетін қызметті берушіде оларды тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған кезде талап етілмейді. Осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды жұмыс орнының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері растайды және мөрмен расталады.

Көрсетілетін қызметті беруші мен Мемлекеттік корпорацияның қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар үшін құжаттарды қабылдау Павлодар облысы білім басқармасының ресми Интернет-ресурсында, әлеуметтік желілердің ресми аккаунттарында конкурс өткізу туралы хабарландыру шыққан күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні өткеннен кейін аяқталады.

Конкурстық комиссияның отырысына байқаушылардың қатысуына қатысты ақпарат. Байқаушылардың санын конкурс жариялаған мемлекеттік орган дербес айқындайды:

Конкурстық комиссия отырысына 5-тен артық емес байқаушы қатысуы мүмкін.

Конкурстық комиссия жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына Қазақстан Республикасының азаматтығы бар және он сегіз жастан кем емес байқаушылар шақырылады.

Байқаушы ретінде конкурстық комиссияның отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей қызметкерлерді басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.

Хабарлама конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру мерзімі және қабылдау орны:

21.02.2025-03.03.2025 ж. «Павлодар облысының білім беру басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 140000, Павлодар облысы, Павлодар қ., Қайырбаев көшесі, 32, 402-кабинет.

Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефондары, электрондық мекенжайлары:

анықтама үшін телефон: 8(7182) 32-52-32 электрондық пошта: tursumbaeva.tomiris@pavlodar.gov.kz.

Дата публикации
21 февраля 2025