"Павлодар облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 "мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары" бұйрығына сәйкес қосымша білім беру басшыларын лауазымға тағайындауға конкурс жариялайды
- Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Балалар техникалық мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі(мекенжайы: Павлодар қ., Ломов к.,156/2, тел. 8(7182)21-89-80, э/пошта: dtsh@goo.edu.kz).
Балалар техникалық мектебі – қазақ және орыс тілінде қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын мекеме. Қызметінің мақсаты техникалық білім беру саласында қосымша білім беру және тәрбиелеу жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады. Мектеп модульдік ғимаратта орналасқан. 1960 жылдан бастап жұмыс істейді. Жобалық қуаттылығы 120 оқушы орны.
- Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (мекенжайы: Павлодар ауданы, Мичурин ауылы, Типкаши көшесі, құрылыс 1А, тел. 8(7182)63-96-74, э/пошта: baldauren.2017@mail.ru).
«Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығы – қазақ және орыс тілінде қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын кәсіпорын. Қызметінің мақсаты балалар мен жасөспірімдерді оқыту, сауықтыру, тәрбиелеу болып табылады. Орталық типтік ғимаратта орналасқан. 2017 жылдан бастап жұмыс істейді. Жобалық қуаттылығы 150 оқушы орны.
- Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Қанат Болатұлы Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (мекенжайы: Павлодар қ., Мәшһүр Жүсіп к.,35/1, тел. 8(7182)32-81-61, э/пошта: shkolanv@mail.ru).
Қанат Болатұлы Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебі – қазақ және орыс тілінде қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын мекеме. Қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасында тұратын халықтардың ана тілін, тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін оқып-үйрену болып табылады. Мектеп модульдік ғимаратта орналасқан. 1997 жылдан бастап жұмыс істейді. Жобалық қуаттылығы 500 оқушы орны.
- Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (мекенжайы: Павлодар қ., Академик Шөкин к.,32/2, тел. 8(7182)65-34-32, э/пошта: ziger-pavlodar@mail.ru).
«Жігер» балалар - жасөспірімдер клубы – қазақ және орыс тілінде қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын мекеме. Қызметінің мақсаты қосымша білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және туризм, өлкетану, гуманитарлық, спорттық, эстетикалық бағыттағы салаларда тәрбие беру болып табылады. Клуб типтік ғимаратта орналасқан. 1986 жылдан бастап жұмыс істейді. Жобалық қуаттылығы 193 оқушы орны.
- Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы білім басқармасының "Павлодар қаласының Отбасылық үлгідегі балалар ауылы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Осипенко көшесі, 13, тел. 8 (7182)606180, э/почта:ddst2022@mail.kz);
"Павлодар қаласының Отбасылық үлгідегі балалар ауылы" КММ –жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеу үшін отбасыларға жақын қолайлы жағдайлар жасайды, олардың білім алуы, мамандық таңдауда және дербес өмірге дайындалуда көмек көрсетеді. 2006 жылдан бастап жұмыс істейді, жобалық қуаты – 70 бала.
Лауазымдық жалақының мөлшері еңбек өтіліне байланысты 245 981 теңгеден 299 125 теңгеге дейін.
Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген бірінші басшы лауазымының кандидатына қойылатын біліктілік талаптары:
Қосымша білім беру ұйымы басшысының біліктілікке қойылатын талаптары:
тиісті бейіні бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлаудан өткені туралы құжат, білім беру ұйымдарында педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде білім беру жүйесінде үздіксіз жұмыс өтілі соңғы екі жыл, қосымша білім беру ұйымы басшысының орынбасары немесе басшысы лауазымындағы өтілі кемінде екі жыл;
немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы не «басшының үшінші біліктілік санатты орынбасары» немесе «басшының екінші біліктілік санатты орынбасары» немесе «білім беру ұйымы» не «басшы-ұйымдастырушы» немесе «басшы-менеджер» немесе «басшы-көшбасшы», «басшының бірінші біліктілік санатты орынбасары» біліктілік санатының болуы;
осы тармақтың 2,3-азатжолындағы нормаларды қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл.
Бірінші басшының лауазымдық міндеттері:
білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру ұйымын ұйымның Жарғысына және өзге де нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құжаттарға сәйкес басқарады;
мәдени-демалыс қызметі, дене шынықтыру мен спортты дамыту саласында әлеуметтік, қосымша білім беру қызметтерін көрсету бойынша құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және өзара іс-қимылын ұйымдастырады;
басқарудың заманауи әдістері негізінде жұмысты болжайды және жоспарлайды;
қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орындайды;
білім беру сапасын бақылауды жүзеге асырады, білім беру процесі кезінде білім алушылар мен ұйым қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне жағдайлар жасайды;
білім алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жағдай жасайды;
балалар мен ата-аналарды, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады;
білім беру және тәрбиелеу мәселелері бойынша жақын және алыс шет елдердегі білім алушылардың, тәрбиеленушілердің қосымша білім беру ұйымдарымен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту бойынша шараларды жүзеге асырады, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланады және дамытады;
басқару құрылымын айқындайды, балаларға қосымша білім беру ұйымының қаржы-шаруашылық қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
білім алушылар мен тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады;
педагогтардың жұмысын үйлестіреді, қамқоршылық кеңестің және қоғамдық ұйымдардың, оның ішінде балалар ұйымдарының қызметіне жәрдемдеседі;
оқу-материалдық базаның есебін, сақталуын және толықтырылуын, санитариялық-гигиеналық режим, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді;
педагогтер мен қосалқы персоналды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, олардың кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін жағдай жасайды;
жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің ата-аналарымен (оларды алмастыратын адамдармен) жұмысты үйлестіреді;
есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді;
барлық органдарда ұйымның мүддесін білдіреді және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметті жүзеге асырады.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер, балаларға қосымша білім беру ұйымы жұмысының бейінін және оның ерекшеліктері;
педагогика мен психология;
педагогикалық этиканың нормалары;
экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері;
компьютерлік сауаттылық, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өртке қарсы қорғау жөніндегі ережелер, санитариялық ережелер мен нормалар.
Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығы негізінде өткізіледі.
Осы Қағидалардың 1-қосымшасының 8-тармағына сәйкес конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе Мемлекеттік корпорацияға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7495 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау және лауазымнан босату қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттама сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;
4) білім тұралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулығы туралы анықтама;
7) психикалық мінез-құлық бұзылыстары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9) Осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес сертификаттаудан өткені туралы сертификат;
10) ҚАЗТЕСТ тапсырғаны туралы сертификат (В1 орта деңгейінен төмен емес)
11) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары;
12) түйіндеме;
13) біліктілік санатын беру (растау) туралы куәлік.
egov.kz электрондық үкімет веб-порталы арқылы:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7495 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау және лауазымнан босату қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парағы және 3х4 көлеміндегі фото;
3) білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулығы туралы анықтама;
6) сертификаттаудан өткені туралы сертификат (бар болса);
7) орта деңгейден (В1) төмен емес Мемлекеттік тілді білуі туралы (ҚАЗТЕСТ) сертификат;
8) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары;
9) түйіндеме;
Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулері, жинақтаған жеке педагогикалық тәжірибесі, марапаттары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты (олар болған жағдайда) қосымша ұсынады.
Осы тармақтың 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсыну көрсетілетін қызметті берушіде оларды тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған кезде талап етілмейді. Осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды жұмыс орнының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері растайды және мөрмен расталады.
Көрсетілетін қызметті беруші мен Мемлекеттік корпорацияның қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар үшін құжаттарды қабылдау Павлодар облысы білім басқармасының ресми Интернет-ресурсында, әлеуметтік желілердің ресми аккаунттарында конкурс өткізу туралы хабарландыру шыққан күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні өткеннен кейін аяқталады.
Конкурстық комиссияның отырысына байқаушылардың қатысуына қатысты ақпарат. Байқаушылардың санын конкурс жариялаған мемлекеттік орган дербес айқындайды:
Конкурстық комиссия отырысына 5-тен артық емес байқаушы қатысуы мүмкін.
Конкурстық комиссия жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына Қазақстан Республикасының азаматтығы бар және он сегіз жастан кем емес байқаушылар шақырылады.
Байқаушы ретінде конкурстық комиссияның отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей қызметкерлерді басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.
Хабарлама конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру мерзімі және қабылдау орны:
21.02.2025-03.03.2025 ж. «Павлодар облысының білім беру басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 140000, Павлодар облысы, Павлодар қ., Қайырбаев көшесі, 32, 402-кабинет.
Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефондары, электрондық мекенжайлары:
анықтама үшін телефон: 8(7182) 32-52-32 электрондық пошта: tursumbaeva.tomiris@pavlodar.gov.kz.