Білім беру саласында мектепке дейінгі, негізгі орта, жалпы орта, қосымша, арнайы, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары 36 мемлекеттік қызмет көрсетеді, тікелей білім беру басқармасы 5 мемлекеттік қызмет көрсетеді.
2024 жылдың 12 айында білім беру басқармасы және ведомствоға бағынысты ұйымдар 115 341 мемлекеттік қызмет көрсетті.
Сондай-ақ, аталған кезеңде 9 білім беру ұйымында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыстың жай-күйіне мониторинг жүргізілді. Жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша ұсыныстар берілді. Сондай-ақ, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы артқанын атап өткім келеді, бұған білім беру басқармасына ведомствоға бағынысты ұйымдардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар мен өтініштердің болмауы дәлел болып отыр.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылып, заңдылық, объективтілік, бейтараптық, шынайылық, әмбебаптық және ашықтық қағидаттарына негізделеді.
Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында білім беру басқармасының ресми сайтында барлық қажетті ақпарат (мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі басқарманың жүргізіп жатқан қызметі туралы есептер, басқару жөніндегі қызметтер көрсетуге жауапты адамдардың байланыс деректері, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саны көрсетілген инфографика, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөніндегі ақпарат) орналастырылған іс-шаралар жоспары) орналастырылған.
Қызмет көрсету туралы ақпарат облыстың барлық білім беру мекемелерінің ресми интернет-ресурстарында орналастырылған. Бұдан басқа, әрбір оқу орнында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараты бар стендтер орнатылған.
Барлық ведомствоға бағынысты мекемелерде, құрылымдық ұйымдарда және білім беру басқармасында ҚР азаматтарының электрондық мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндік беретін «Электрондық мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алуға арналған бұрыштар» жұмыс істейді.