Облыс әкімдігі қаулысының (әкімі шешімінің, өкімінің) «Білім беру ұйымын құру туралы» жобасына түсініктеме хат

 

 

Облыс әкімдігі қаулысының                                                                                       (әкімі шешімінің, өкімінің)                                                           

«Білім беру ұйымын құру туралы»

жобасына түсініктеме хат

 

Р/с

№

Түсініктеме хатта көрініс

табуға тиісті

мәліметтер тізбесі

Мемлекеттік органның -                     әзірлеушінің ақпараты

1

2

3

1.

Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы

«Павлодар облысының білім беру басқармасы» мемлекеттік мекемесі

2.

Жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес» № 385 бұйрығына сәйкес

3.

Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі

2024 жылға «Исламтану», «Теология» мамандықтары бойынша оқитын 5 бакалаврға 2024 жылдың 4 айына 2683,0 мың теңге бөлінді. 2025 жылға 5 грантқа 7206,0 мың теңге қажет.

2024 жылға 50 резидент білім алушыға 2024 жылдың 4 айына 48 841,0 мың теңге қажет (2024 жылы бітіру есебінен үнемдеу 60 445,5 мың теңгені құрайды).

2025 жылға 50 грантқа 146 523,0 мың теңге қажет (50 грантты ескере отырып, бағдарлама бойынша үнемдеу 186 661,1 мың теңгені құрайды).

Облыстық бюджеттен қосымша қаражат бөлу қажет етілмейді

4.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы.

Даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру өңірдегі мамандарға деген жоғары қажеттілігіне байланысты бейінді маман дәрігерлерінің қажеттілігін 50 грант өтейді, 5 грант «Исламтану», «Теология» мамандықтары бойынша қажеттілікті қамтамасыз етеді.

 

5.

Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері.

Осы қаулы мамандықтар бөлінісінде жоғары оқу орындар арасында жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлау бойынша мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру мақсатында қабылданады

6.

Жобада қарастырылатын мәселелер бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер және оларды іске асыру нәтижелері.

 

 

7.

Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетін-етілмейтінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы.

 

 

 

Қажет емес

8.

Нормативтік құқытық актінің жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат.

 

 

 

9.

Әлеуметтік маңызы бар нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазбаны уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру туралы ақпарат.

 

 

10.

Нормативтік құқықтық акті жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі.

-

11.

Нормативтік құқықтық акті жобасының қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптар нәтижелері.

Қажет емес

  Басқарма басшысы                                                         С. Айтқазина

 

2024 ж. «___» ____________      Мөр

Орынд.: Г. Байдалина,

тел.: 65-22-19

 

 

 

 

Дата публикации
17 сентября 2024