Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 6-бабы тармағының 8) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2024-2025 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- «Павлодар облысының білім беру басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орнастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.