«Б. Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжі» КМҚК жанынан Павлодар қаласында жатақхананың құрылысын салу» жобасы бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жеке әріптестік субъектілерін ынтымақтастыққа шақыру

   «Павлодар облысының білім беру басқармасы» ММ «Б. Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжі» КМҚК жанынан Павлодар қаласында жатақхананың құрылысын салу» жобасы бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік (одан әрі – МЖӘ) жобасына дайындық басталғаны туралы жариялайды және жобаны талқылауға әлеуметтік әріптестер тарту және аталған жобаны іске асыру бойынша альтернативті ұсыныстар мен нұсқалар беру туралы хабардар етеді.

МЖӘ жобасы: «Б. Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжі» КМҚК жанынан Павлодар қаласында жатақхананың құрылысын салу».

   Орналасқан жері: Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Астана көшесі, 140-үй.

  Жоба шарты: жатақхананың әзірленген жобалық-сметалық құжаттама негізінде жұмыс жасауы үшін тиісті құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру, тиісті жиһаз және жабдықпен жарақтандыру.

  Жобаны іске асыру мерзімі: құрылыстың бастауы 2021 жылғы мамыр айы, құрылыс кезеңі: 6 ай.

  Жобаны әлеуетті әріптестің қаражаты, оның ішінде қарызға берілген қаражат есебінен іске асыру жоспарланған.

   Шығындарды өтеу көздері: Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңының 9-бабы 2-тармағының 3 және 4-тармақшаларына сәйкес инвестициялық, операциялық шығындардың өтемақысы.

  Жобаның негізгі техникалық-экономикалық параметрлері:

  Жобаның құны: жобалық-сметалық құжаттамаға, «СТРОЙТЕКС» Компаниясы» ЖШС мемлекеттік сараптамасының 2020 жылғы 19 мамырдағы №ГНҚ-0023/20 оң қорытындысына сәйкес ҚСС есепке алғанда 1 059 520,0 мың теңге.

  Аумақтың жалпы ауданы: 0,5055 га. Құрылыс ауданы – 977,8 м2 (19,35%); жабынның ауданы – 1685,54 м2 (33,27%); көгалдандыру ауданы – 2400,6 м2 (47,38%). Жатақхана 200 жатын орынға жобаланған.

   Баламалы ұсыныстарды енгізудің нақты мерзімі:2020 жылғы 1 қазан.

Барлық ақпаратты:

«Павлодар облысының білім беру басқармасы» ММ Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32; 8 (7182) 322969, 3200161 телефоны бойынша алуға болады, электрондық мекенжайы: rahimov.galymbek@pavlodar.gov.kz, байланысатын адам: Рахимов Галымбек Базарбекович.

     

 

 

Дата публикации
02 сентября 2020