Павлодар облысының педагогтарын көтермелеудің қосымша шараларын белгілеу туралы

    

Павлодар облыстық әкімдігінің 2020 жылғы 5 тамыздағы № 167/3 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 11 тамызда № 6887 болып тіркелді

       Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6-бабы 2-тармағының 25) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы "Педагог мәртебесі туралы" Заңының 9-бабы 4-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Біржолғы сыйақы төлей отырып, "Павлодар облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін" төсбелгісі түрінде педагогтарды көтермелеудің қосымша шаралары белгіленсін.
  2. Павлодар облысының педагогтарын көтермелеудің қосымша шараларының сипаттамасы, оларды беру тәртібі, оның ішінде біржолғы сыйақы төлемінің мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
  3. "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

       осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. А. Құрмановаға жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар облысының әкімі

А. Скаков

Дата публикации
21 августа 2020