Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 6-бабы 2-тармағының 8-4) тармақшасына және 62-бабының 6-2-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2024 жылға Павлодар облысы бойынша бюджет қаражаты көлемінің шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
«Павлодар облысының білім беру басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулыны Павлодар облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі А. Байханов