Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы білім беру басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары басшыларының бос лауазымдарына конкурс.

«Павлодар облысының білім беру басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 140000, Павлодар облысы, Павлодар қ., Қайырбаев көшесі, 32, 402-кабинет, анықтама үшін телефон: 8(7182) 32-52-32 электрондық пошта: smagulova.zhuldyz@pavlodar.gov.kz 17.10.2023  ж. «А» блогы бос азаматтық лауазымға орналасуға конкурс жариялайды.

Басшылардың бос лауазымдары (А1- 2 санаты):

- Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы білім беру басқармасының «Павлодар технологиялық колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (мекенжайы: 140000, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Яков Геринг көшесі 78-үй; телефон 87182659861, э/пошта: tehcol@mail.kz).

- Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысының білім беру басқармасының «Железин аграрлы-техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (мекенжайы: Павлодар облысы, Железин ауданы, Железин ауылы, Квитков көшесі 13, телефон 87183142109, э/пошта: psh-20@mail.ru).

- Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысының білім беру басқармасы «Успен аграрлы-техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (мекенжайы: Павлодар облысы, Успен ауданы, Успен ауылы, Мира көшесі 22, телефон 87183492568, э/пошта: uspenskiykolledzh23@mail.ru).

- Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысының білім беру басқармасы "Баянауыл көпсалалы колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (мекен жайы: Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы, Х.Абылғазин көшесі, 15, телефон 87184092510, э/пошта: bayankk.kz).

- Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысының білім беру басқармасының «Тереңкөл ауданының аграрлық-техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (мекенжайы: Павлодар облысы, Тереңкөл ауданы, Тереңкөл ауылы, Гагарин көшесі 18, телефон 87183324232, э/пошта: prepodavatel4atk@mail.kz).

«Павлодар технологиялық колледжі» ШЖҚ КМК - аралас тілде оқытатын колледж. Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады. 1971 жылғы 1 маусымнан бастап жұмыс істейді, колледждің жобалық қуаты – 600 оқушы орны.

«Железин аграрлы-техникалық колледжі» КМҚК – орыс тілінде оқытатын колледж. Техникалық және кәсіптік білім беру оқу бағдарламаларын іске асырады. 1957 жылдан бастап жұмыс істейді, мектептің жобалық қуаты – 110 оқушы орны.

«Успен аграрлы-техникалық колледжі» КМҚК – орыс тілінде оқытатын колледж. Техникалық және кәсіптік білім беру оқу бағдарламаларын іске асырады. 1958 жылдан бастап жұмыс істейді, мектептің жобалық қуаты – 320 оқушы орны.

         «Баянауыл көпсалалы колледжі» КМҚК - қазақ тілінде оқытатын колледж. Техникалық және кәсіптік білім беру оқу бағдарламаларын іске асырады. 1959 жылдан бастап жұмыс істейді, колледждің жобалық қуаты - 150 білім алушы.

«Тереңкөл ауданының аграрлық-техникалық колледжі» КМҚК – орыс тілінде оқытатын колледж. Техникалық және кәсіптік білім беру оқу бағдарламаларын іске асырады. 1965 жылдан бастап жұмыс істейді, мектептің жобалық қуаты – 180 оқушы орны.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

      жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша өзге де жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) кәсіптік білім; білім беру саласындағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы (мекеме) басшысының орынбасары немесе басшысы лауазымындағы өтілі кемінде екі жыл;

       оқу орнының кадрлар даярлау бейініне сәйкес келетін бір немесе бірнеше біліктілік бойынша орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріндегі басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл;

      бейіні бойынша әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшысы (басшының орынбасары) лауазымында кемінде 2 жыл өтілі бар;

       педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы (оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде);

      немесе "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының немесе білім беру ұйымы "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" не "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" біліктілік санатының болуы.

Лауазымдық міндеттері:

      Қазақстан Республикасының заңнамасына және білім беру ұйымының жарғысына сәйкес оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, әкімшілік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметті басқарады;

      мемлекеттік стандарт талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;

      оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын, оқу процестерінің кестелерін, ішкі тәртіп қағидаларын бекітеді;

      білім беру ұйымы қызметкерлерінің басқару құрылымын, штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      білім алушылардың контингентін қалыптастырады, олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді;

      техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында жұмыс істеу үшін қажетті жағдайларды, қоғамдық тамақтануды, медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыруды және олардың жұмысын бақылауды қамтамасыз етеді;

      білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, білім беру ұйымдары қызметкерлерінің құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз етеді;

      оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың, тәрбиеленушілер мен білім беру ұйымдары қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жағдай жасайды;

      ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру, оның ішінде кедергісіз орта құру үшін жағдайлар жасайды;

      қаржы-шаруашылық қызметіне, оның ішінде материалдық және ақшалай қаражатты мақсатсыз пайдалануға жауапты болады;

      жұмыс берушілермен және әлеуметтік серіктестермен жұмысты үйлестіреді;

       қолда бар мүліктер мен құралдарға билік жүргізеді, оқу-материалдық базаның есебін, сақталуын және толықтырылуын, санитариялық-гигиеналық режим ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді;

       қаржы-шаруашылық қызметтің жай-күйіне, оның ішінде материалдық және ақшалай қаражатты мақсатсыз пайдалануға бақылауды жүзеге асырады және жауапты болады;

      материалдық-техникалық базаны қайта жарақтандыруды және қайта ұйымдастыруды ұйымдастырады. Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады;

      білім беру ұйымының білім беру қызметінің саласын қолдау және кеңейту мақсатында білім берудің инновациялық технологияларын енгізуді және тартуды қамтамасыз етеді;

      кадрларды іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, педагогикалық және тәрбие процесінің қажетті деңгейін қамтамасыз етеді, педагогтердің біліктілігі мен кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды;

       үздіксіз кәсіптік оқыту бойынша білім беру ұйымдарымен бірлескен жұмыс бойынша жалпы басшылықты жүзеге асырады;

      жұртшылықпен байланысты қамтамасыз етеді, ата-аналармен (оларды алмастыратын адамдармен) жұмысты үйлестіреді.;

      жоғары тұрған, қоғамдық және өзге де ұйымдарда білім беру ұйымының атынан өкілдік етеді;

      әлеуметтік әріптестік пен халықаралық ынтымақтастықты кеңейту бойынша шараларды жүзеге асырады;

      уәкілетті органға (құрылтайшыға) оқу, ғылыми және қаржылық қызмет нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;

      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілер талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасайды;

       техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (мекемелері) басшыларының біліктілігін беру (растау), арттыру кезінде қойылатын тиімділік көрсеткіштеріне сәйкес келеді;

      білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілеріне дұрыс және уақытылы әкімшілік деректерді ұсынуды қамтамасыз етеді.

Білу керек:       Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" заңдары, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер;

      мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;

      педагогика және психология негіздері;

       қазіргі заманғы педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;

      педагогикалық этиканың нормалары;

       басқарудың инновациялық әдістері;

       экономика негіздері, Қаржы-шаруашылық қызмет мәселелері;

      құқық негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары;

       компьютерлік сауаттылық және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негіздері.

Лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне байланысты – 223088 теңгеден 270587 теңгеге дейін.

Конкурсты өткізу орны:Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32.

Конкурсты өткізу күні: Конкурс «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 (өзгерістерімен ҚР Оқу-ағарту министрінің 22.12.2022 жылғы № 513) бұйрығына сәйкес белгіленген мерзімде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

Көрсететін қызметті алушыны көрсететін қызметті берушісінің Кеңесіне немесе Мемлекеттік корпорацияға порталға мынандай құжатты беруге тиіс:

1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагог қызметкерлерін лауазымдарға тағайындау, қызметтен босату қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш. № 57 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7495 болып тіркелген);

2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттама қызметінің электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;

4) білім тұралы мемлекеттік үлгілі құжаттың көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

  6) "Денсаулық сақтау саласындағы бухгалтерлік құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысандағы денсаулығы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) сертификаттаудан өту туралы сертификат (бар болса);

10) білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары;

11) түйіндеме;

12) Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларына 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге көрсетілетін қызметті алушының келісімі Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7495 болып тіркелген).

13) біліктілік санатын беру (растау) туралы куәлік.

Электрондық үкімет egov.kz веб-порталы арқылы:

1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7495 болып тіркелген) Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) кадрлар есепке алу бойынша жеке іс парағы мен фото 3х4;

3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

5) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

6) сертификаттаудан өту туралы сертификат (бар болса);

7) білім беру ұйымын дамытудың перспективалық Жоспары;

8) түйіндеме;

9) Білім және ғылым министрінің Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7495 болып тіркелген) Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларына 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге көрсетілетін қызметті алушының келісімі.

Конкурсқа қатысу үшін үміткер конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына оның кәсіби жетістіктері, Біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтау, марапаттар туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты (олар болған кезде) қосымша ұсынады.

Тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсыну 4), 5), 6), 7), 8) және 9) көрсетілетін қызметті берушіде оларды тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған кезде осы тармақтың талап етілмейді. Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен куәландырады.

Көрсетілетін қызметті беруші мен Мемлекеттік корпорацияның қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.

Конкурстық комиссия жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына жасы он сегізден кем емес байқаушылар шақырылады.

Байқаушы ретінде конкурстық комиссияның отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей қызметкерлерді басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы конкурс өткізу туралы хабарландыру Білім басқармасының ресми сайтында жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде келесі мекенжайға ұсынылуы тиіс:

1) Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32, 402 кабинет, анықтама телефоны мекенжайы бойынша орналасқан мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

 

Дата публикации
17 октября 2023