2023-2024 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі
білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 6-бабы 2-тармағының
8) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2023-2024 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- «Павлодар облысының білім беру басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орнастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Павлодар облысының әкімі
|
|
А. Байханов
|
ҚОСЫМША