Облыстың білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі басымдығы сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне «нөлдік» төзімділік атмосферасын құру және білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықтың жалпы деңгейін төмендету арқылы бүкіл білім беру жүйесін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту болып табылады.
Халық үніне құлақ асатын мемлекеттің саясатына сәйкес «WhatsApp», сондай-ақ Instagram және Facebook әлеуметтік желілері арқылы жедел әрекет ету және азаматтарға көмек көрсету үшін Басқарма белсенді интерактив жүргізеді.
Білім беру ұйымдарының басшылары мен қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасалғаны туралы хабарламаларға жедел әрекет ету шеңберінде Басқарма жүйелі негізде БАҚ-қа келіп түсетін барлық ақпаратқа мониторинг жүргізеді.
Барлық әлеуметтік желілерде Бірінші басшының аккаунты бар, онда кез келген адам Басқарманың құзыретіне кіретін барлық мәселелер бойынша жеке өзі жүгініп, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлай алады.
Сол сияқты өңірдің білім беру бөлімінің әрбір басшысының әлеуметтік желілерде ашық аккаунттары бар.
Әлеуметтік желілерде және Басқарманың ресми сайтында «Сенім телефоны – 321174», оның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлау үшін жарияланды. Бұдан басқа, Басқарманың «650060», «87074916405» сall-орталығы жұмыс істейді.
Басқарманың, білім беру бөлімдері мен ұйымдарының ресми сайттарында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» бөлімі көзделген, онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі барлық құжаттар (сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі НҚА, ішкі құқықтық құжаттар (сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар, академиялық адалдық және корпоративтік басқару кодекстері, мүдделер қақтығысын шешу саясаты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың кешенді жоспары және оның орындалуы, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау).
Осылай, сыбайлас жемқорлықты алдын алу бойынша сапалы жұмыс жүргізу мақсатында 2023 жылғы 9 ақпанда Басқарманың және Павлодар облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бірлескен бұйрығымен «Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспары» бекітілді.
Сыбайлас жемқорлықты алдын алу бойынша сапалы және жүйелі жұмысты қамтамасыз ету мақсатында Басқарма облыстың білім беру ұйымдарының педагогикалық ұжымы мен басшыларының қатысуымен, оның ішінде Павлодар облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің өкілдерін тарта отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау бойынша тұрақты негізде семинарлар өткізеді.
Білім беру ұйымдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру бойынша білім беру ұйымдары арасында тәжірибе алмасу бойынша диалог алаңдарын тұрақты негізде өткізеді.
Ақшалай қаражаттың заңсыз жиналуын алдын алу мақсатында Басқармамен, сондай-ақ барлық білім беру бөлімдерімен оқу жылының басында ата-аналар мен оқушылардан, сондай-ақ білім беру ұйымдарының қызметкерлерінен ақшалай қаражатты заңсыз жинауға жол бермеу туралы бұйрықтар бекітілді. Осы бұйрықтар облыс білім беру басқармасының, бөлімдері мен ұйымдарының ресми сайттарында орналастырылған.
Қазіргі уақытта ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптарына сәйкес білім беру ұйымдарының барлық басшылары өзіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдау туралы тиісті жазбаша міндеттемелерге қол қойғандығы сыбайлас жемқорлықты алдын алудың маңызды құралы болып табылады.
Басқарма басшысы ашықтық пен әділдікті тұрақты негізде қамтамасыз ету мақсатында әр сәрсенбі күні облыс білім беру саласының түрлі мәселелері бойынша азаматтардың жеке қабылдауларын өткізеді. Сонымен қатар, ағымдағы жылғы 26 мамырда Басқарма басшысы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ZAKON.KZ желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, елдің жетекші заңгерлері мен адвокаттарының мемлекеттік органдары ұйымдастырған «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясына жеке өзі қатысты, оның барысында азаматтар облыс білім беру саласының барлық мәселелері бойынша толық жауап алды.
Сондай-ақ, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптарын орындау шеңберінде білім беру ұйымдарында квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жататын сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің функцияларын орындайтын құрылымдық бөлімшелер немесе қызметкерлер айқындалды, олардың негізгі міндеті тиісті ұйымның және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету болып табылады.
Білім беру саласын қаржыландырудың ашықтығын, әділдігін және тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Фаворит» бағдарламалық қамтамасыз ету базасында «Бұлтты бухгалтерия және кадрлық есеп» жобасы енгізілді, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және шығыстардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді.
Бұдан басқа, 2022 жылдың басынан бастап Басқарма, сондай-ақ ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 358 қаулысымен бекітілген «Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларының 56-тармағын орындау шеңберінде «Сыбайлас жемқорлықты алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» № 4 үлгілік базалық бағытын (бұдан әрі – 4-ҮББ) іске асырады.
Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықты алдын алу және болдырмау әдістерінің бірі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал етуі мүмкін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу жолымен басқармада да, ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарында да сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне тұрақты негізде ішкі талдау жүргізу болып табылады.
Павлодар облысы әкімі аппаратының басшысы бекіткен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесіне сәйкес білім беру басқармасының 10 негізгі міндеті бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2022 жылғы 1-25 шілде аралығында жүргізілді, оның қорытындысы бойынша облыстың білім беру саласында 22 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін Басқарма сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шараларды өткізудің жоспар-кестесін бекітті.
Қазіргі уақытта Басқарманың құзыреті шегінде барлық 22 сыбайлас жемқорлық тәуекелі толық көлемде жойылды.
Өткізілген талдау қорытындылары азаматтардың құқықтарын, заңды мүдделерін қамтамасыз ету және облыстық Қоғамдық кеңестің сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысында қаралды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бөлігінде Қоғамдық кеңестің барлық ұсынымдары белгіленген мерзімде орындалды.
Ағымдағы жылы Басқарма 2023 жылғы 24 сәуірдегі № 2-02/223 бұйрық негізінде 4-ҮББ орындау шеңберінде Білім беру басқармасының және кейбір ведомстволық бағынысты бөлімдердің/ұйымдардың қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді, ол «EasyPlatform» жобалық басқарудың ақпараттық жүйесінде орналастырылатын болады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында 8 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды. Қазіргі уақытта оларды жою бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Сондай-ақ, қазіргі уақытта Павлодар облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мен білім беру басқармасының 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 2-02/246 бірлескен бұйрығы негізінде Басқармада және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарында бюджет қаражатын жоспарлау, игеру, оның ішінде еңбекақы төлеу қоры мәселелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізіліп жатқанын атап өткен жөн.
Сыртқы талдау қорытындылары бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар әзірленетін болады.
Жалпы, сыбайлас жемқорлықты алдын алу бойынша жұмыс Облыс білім беру басқармасы басшылығының тұрақты бақылауында.