Облыста қашықтықтан оқыту үш тәсілмен жүзеге асырылды: интернет-платформалар арқылы, Balapan, Ел арна арналарында телесабақтарды пайдалана отырып, оның ішінде «Қазақ радиосы» радиосында аудиосабақтар, қағаз және электрондық тасығыштарда курьерлер арқылы тапсырмаларды беру. Кері байланысты жүзеге асыру kundelik.kz электрондық журналы, электрондық пошта, WhatsApp-хабарлама мен курьерлер арқылы жүргізілді.
Бұл ретте, қашықтықтан білім беру технологияларын (бұдан әрі –ҚБТ) қолдану арқылы оқытудың барлық процесі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, Үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес бекітілген икемді сабақ кестесі бойынша жүзеге асырылды.