Қашықтықтан оқыту (ҚО) шеңберінде білім алушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру және оқу тапсырмаларын орындау жөнінде педагогтерге арналған әдістемелік ұсынымдар

1 - тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Осы Қашықтықтан оқыту (ҚО) шеңберінде білім алушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру және оқу тапсырмаларын орындау жөнінде педагогтерге арналған әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі – Әдістемелік ұсынымдар) орта мектепте қашықтықтан сапалы оқытуды ұйымдастыру, оқу бағдарламаларын орындау, білім алушылардың оқу жүктемесінің көлемін бөлуде шамадан тыс жүктемеге, қарқындылығына жол бермеу, сондай-ақ педагогтерге әдістемелік көмек көрсету үшін оңтайлы жағдайларды жасау мақсатында әзірленді.
Дата публикации
25 июня 2020