ЖОБА Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 23 желтоқсандағы «Павлодар облысы бойынша 2023 жылға арналған бюджет қаражатының көлемі шегінде балаларға қосымша білім беруге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» № 358/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 23 желтоқсандағы «Павлодар облысы бойынша 2023 жылға арналған бюджет қаражатының көлемі шегінде балаларға қосымша білім беруге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» № 358/5 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31257 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. «Павлодар облысының білім беру басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

осы қаулыны Павлодар облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

Облыс әкімі

 

А. Байханов

 

 

Дата публикации
18 апреля 2023