2020–2021 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы кадрларды даярлау үшін мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6-бабының 2-тармағының 8-3) тармақшасына сәйкес, Павлодар облысы әкімдігі МЫНДАЙ ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2020–2021 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы кадрларды даярлау үшін мемлекеттік білім беру тапсырысын осы қаулыға тіркелген қосымшаға сәйкес бекіту.
«Павлодар облысы білім басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен:
осы қаулыны аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізу;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру қамтамасыз етіледі.
Осы қаулының орындалуын облыс әкімінің орынбасары Оралова А.Р. қадағалайды.
Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап он күн өткен соң күшіне енеді.
Облыс әкімі А. Скаков