Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648
бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28
желтоқсанда № 12590 болып тіркелді.
Р Қ А О - н ы ң е с к е р т п е с і !
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4
желтоқсандағы Заңының 16-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің "Электрондық мемлекеттік сатып
алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 23 маусымдағы № 378
бұйрығының (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актінің 2015
жылғы 23 шілдедегі 92255 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 31 маусымда "Әділет"
ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу
заңнамасы департаментi (С.М. Ахметов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк
тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны
мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми
жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін 5-бөлімнің 16-
параграфын, сондай-ақ 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 424
және 426-тармақтарды қоспағанда, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа
енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Министр Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 648 бұйрығымен
бекітілген