«Күзгі қиялдар» облыстық конкурсы

2022 жылдың 11 қарашасында Павлодар политехникалық жоғары колледжінің базасында «Күзгі қиялдар» облыстық көркем және дизайнерлік образдар конкурсы өтті.

Байқауды ұйымдастырушылар облыстың дарынды студенттері мен оқушыларына қолдау көрсетуді, олардың шығармашылық көріністерін, сондай – ақ сұлулық индустриясын дамытуды мақсат етіп қойды.

Сараптамалық қазылар алқасының құрамына: «КУРАЖ» салонының сәнгері Подзолко Елизавета Юрьевна, Павлодар политехникалық жоғары колледжі мәдениеттану және өнер тарихы пәнінің оқытушысы Казакова Жанна Юрьевна, 43 мектептің қоғамдық және әлеуметтік пәндер мұғалімі Жигулина Юлия Валерьевна кірді.

Байқауға Павлодар политехникалық жоғары колледжі, Инновациялық Еуразия Университетінің Жоғары Екібастұз колледжінің студенттері, сондай-ақ Балғымбаева Камила Асылтанқызының жетекшілігімен оқушылар сарайының сұлулық студиясының қатысушылары қатысты.

Модельдер үш номинация бойынша ұсынылды

1) Номинация: «Қиял-ғажайып макияж»

1 орын Юрина Ангелина (Павлодар политехникалық жоғары колледжі)

2 орын Негрей Дарья (Павлодар политехникалық жоғары колледжі)

3 орын- Пономарева Валерия (Павлодар политехникалық жоғары колледжі)

2) Номинация: «Көркем образ»

1 орын - Баканова Полина (Павлодар политехникалық жоғары колледжі)

2 орын- Муханова Асем (Инновациялық Еуразия Университетінің Жоғары Екібастұз Колледжі) 

3 орын -Дулатова Айым (Оқушылар сарайы)

 

3) Номинация: «Креативті образ»

1 орын-Никулина Арина (Павлодар политехникалық жоғары колледжі)

2 орын -Стулова Арина (Оқушылар сарайы)

3 орын –Насека Диана (Павлодар политехникалық жоғары колледжі)

 

Бас жүлде Гусева Анна (Павлодар политехникалық жоғары колледжі)

Дата публикации
14 ноября 2022