«Павлодар облысының білім беру басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 140000, Павлодар облысы, Павлодар қ., Қайырбаев көшесі, 32, 402-кабинет, анықтама үшін телефон: 8(7182) 32-52-32 электрондық пошта: smagulova.zhuldyz@pavlodar.gov.kz 11.11.2022 ж. «А» блогы бос азаматтық лауазымға орналасуға конкурс жариялайды.
«Павлодар облысының білім беру басқармасы,Екібастұз қаласының білім беру бөлімі «Майқайың жалпы орта білім беру мектебі», «Бесқауға жалпы орта білім беру мектебі», «Шідерті жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы (А1-4 санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 184822 теңгеден 206391 теңгеге дейін.
Конкурсты өткізу орны:Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32.
Конкурсты өткізу күні:Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығы бойынша орнатылған мерзімге сәйкес.
«Павлодар облысының білім беру басқармасы, Екібастұз қаласының білім беру бөлімі «Майқайың жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, мемлекеттік мекеменің мекен жайы: 141200, Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Құлакөл ауылы, Орталық көшесі 24А, телефон 87187 (744783).
Павлодар облысы білім беру басқармасы, Екібастұз қаласы білім беру бөлімі «Майқайың жалпы орта білім беру мектебі» КММ–қазақ тілінде оқытатын жалпы білім беретін мектеп. Бастауыш негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асырады. 1991 жылдан бастап жұмыс істейді, мектептің жобалық қуаты – 480 оқушы орны бар.
«Павлодар облысының білім беру басқармасы, Екібастұз қаласының білім беру бөлімі «Бесқауға жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, мемлекеттік мекеменің мекен жайы: 141200, Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Қоянды ауылы, М.Ж.Көпейұлы көшесі 1, телефон 87187 (296737).
Павлодар облысы білім беру басқармасы, Екібастұз қаласы білім беру бөлімі «Бесқауға жалпы орта білім беру мектебі» КММ–қазақ тілінде оқытатын жалпы білім беретін мектеп. Бастауыш негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асырады. 1984 жылдан бастап жұмыс істейді, мектептің жобалық қуаты – 464 оқушы орны бар.
«Павлодар облысының білім беру басқармасы, Екібастұз қаласының білім беру бөлімі «Комсомол жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, мемлекеттік мекеменің мекен жайы: 141200, Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Шиқылдақ ауылы, Школьная көшесі, құрылыс 1 А, телефон 87187 (745073).
Павлодар облысы білім беру басқармасы, Екібастұз қаласы білім беру бөлімі «Комсомол жалпы орта білім беру мектебі» КММ–қазақ тілінде оқытатын жалпы білім беретін мектеп. Бастауыш негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асырады. 1978 жылдан бастап жұмыс істейді, мектептің жобалық қуаты – 392 оқушы орны бар.
«Павлодар облысының білім беру басқармасы, Екібастұз қаласының білім беру бөлімі «Қарасор жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, мемлекеттік мекеменің мекен жайы: 141200, Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Қарасор ауылы, Железнодорожная көшесі 1, телефон 87187 (744701).
Павлодар облысы білім беру басқармасы, Екібастұз қаласы білім беру бөлімі «Қарасор жалпы орта білім беру мектебі» КММ–қазақ тілінде және орыс тілінде оқытатын жалпы білім беретін мектеп. Бастауыш негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асырады. 1989 жылдан бастап жұмыс істейді, мектептің жобалық қуаты – 192 оқушы орны бар.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Тиісті бейіні бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі немесе қайта даярлау курстарынан өткенін растайтын құжат;
Педагогикалық жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес, оның ішінде білім беру ұйымында соңғы жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес;
Оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде – қосымша: сарапшы немесе педагог - зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілігінің болуы.
Орта білім беру мекемесі басшысының лауазымдық міндеттері:
Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады.Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады.Педагогикалық кеңесті басқарады.Мектептің жұмыс жоспарын, оқу-тәрбие жұмысы жоспарын, жұмыс оқу жоспарын, пән-мұғалімдерінің қысқа мерзімді жоспарларын бекітеді.Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді.Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді.Оқу-тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын қалыптастырады және жетілдіреді.Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді.Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді.Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді.Білім беру құқығына берілген лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді.Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан тәрбиеленушілердің заңды құқығы мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және басқа да) қорғайды, олардың туысқандық байланысын қолдау үшін оларға жағдай жасау бойынша шаралар қабылдайды.Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды.Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді.Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитариялық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді.Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды.Педагогтердің біліктілік санатын беру (растау) рәсімін ұйымдастырады.Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретінің шегінде жаза қолданады.Педагогикалық этика бойынша кеңестің ұсынымдарын ескере отырып, өз құзыреті шегінде жаза қолданады.Өз құзыреті шегінде мектептің басқа да барлық қызметкерлеріне жаза қолданады.Қоғаммен байланысты жүзеге асырады, ата-аналармен (немесе оларды алмастырушы адамдармен), қорғаншылық кеңесімен жұмысты үйлестіреді.Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда білім беру ұйымдарына ұсынады, қажетті есеп құжаттарын дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді.Ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілікті меңгерген.Өзіндік кәсіби дамуын қолға алады, оның ішінде менеджмент саласында. Білім беру ұйымдарында «Құндылықтарға негізделген білім беру» тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.Білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтер және тағы басқа қызметкерлер арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.Білім беру қызметін ұсыну сапасына жауап береді.
Білу керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттың көшірмесі (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото;
4) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) біліктілік тестілеу сертификаты;
10) Блім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары;
11) түйіндеме.
Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне (олар болған жағдайда) қол жеткізу туралы ақпаратты қосымша ұсынады. 4), 5), 6) 7), 8) 9) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсыну көрсетілетін қызметті берушіде оларды тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған жағдайда талап етілмейді. 4), 5) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен расталады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
Конкурстық комиссия жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына жасы он сегізден кем емес байқаушылар шақырылады.
Байқаушы ретінде конкурстық комиссияның отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей қызметкерлерді басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы конкурс өткізу туралы хабарландыру Білім басқармасының ресми сайтында жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде келесі мекенжайға ұсынылуы тиіс:
1) Павлодар қаласы,Қайырбаев көшесі, 32, 402 кабинет, анықтама телефоны мекенжайы бойынша орналасқан мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.