Павлодар облысының білім беру басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 140000, Павлодар облысы, Павлодар қ., Қайырбаев көшесі, 32, 402-кабинет, анықтама үшін телефон: 8(7182) 32-52-32 электрондық пошта: smagulova.zhuldyz@pavlodar.gov.kz 07.11.2022 ж. «А» блогы бос азаматтық лауазымға орналасуға ашық конкурс жариялайды.
Басшылардың бос лауазымдары (А1-3-1 санаты):
- Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар қаласының № 3 сәбилер бақшасы – Мектепке дейінгі экоцентр орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (мекенжайы: Павлодар қ., Камзин көшесі, 3, тел. 63-23-46, э/пошта: sad3@goo.edu.kz);
- Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар қаласының № 4 сәбилер бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (мекенжайы: Павлодар қ., Айманов көшесі, 13, тел. 64-15-52, э/пошта: sad4@goo.edu.kz);
- Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар қаласының № 7 сәбилер бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (мекенжайы: Павлодар қ., Минин көшесі, 31, тел. 51-80-26, э/пошта: sad7@goo.edu.kz);
- Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар қаласының № 9 сәбилер бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (мекенжайы: Павлодар қ., Естай көшесі, 97, тел. 54-58-47, э/пошта: sad9@goo.edu.kz);
- Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар қаласының № 10 сәбилер бақшасы – «ZamanStar» білім беру-дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (мекенжайы: Павлодар қ., Ткачев көшесі, 15/1, тел. 65-65-29, э/пошта: sad10@goo.edu.kz);
- Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар қаласының № 12 сәбилер бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (мекенжайы: Павлодар қ., Шөкин көшесі, 96/1, тел. 31-42-64,31-42-62 э/пошта: sad12@goo.edu.kz);
- Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Кенжекөл ауылының № 20 сәбилер бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (мекенжайы: Кенжекөл ауылдық округі, Токин көшесі, 3, тел. 35-29-06, э/пошта: sad20@goo.edu.kz);
- Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар қаласының № 21 сәбилер бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (мекенжайы: Павлодар қ., Астана көшесі, 1А, тел. 53-35-34, э/пошта:sad21@goo.edu.kz):
- Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар қаласының № 25 сәбилер бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (мекенжайы: Павлодар қ., Гагарин көшесі, 36/3, тел. 60-63-85, э/пошта: sad25@goo.edu.kz);
- Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар қаласының № 27 сәбилер бақшасы – Дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (мекенжайы: Павлодар қ., Мәшһүр Жүсіп көшесі, 27/1, тел. 55-98-37, э/пошта: sad27@goo.edu.kz);
- Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар қаласының № 39 арнайы балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (мекенжайы: Павлодар қ., Айманов көшесі, 32, тел. 64-27-50, э/пошта: sad39@goo.edu.kz);
- Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар қаласының № 42 мектепке дейінгі гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (мекенжайы: Павлодар қ., Шөкин көшесі, 33, тел. 67-61-98, э/пошта: sad42@goo.edu.kz);
- Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар қаласының № 52 арнайы балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (мекенжайы: Павлодар қ., Урицкий көшесі, 76, тел. 66-23-32, э/пошта: sad52@goo.edu.kz);
- Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар қаласының № 53 сәбилер бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (мекенжайы: Павлодар қ., Тәуелсіздік даңғылы, 159/1, тел. 60-76-44, э/пошта: sad53@goo.edu.kz);
- Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар қаласының № 82 арнайы сәбилер бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (мекенжайы: Павлодар қ., Н. Назарбаев даңғылы, 35/1, тел. 54-93-56, э/пошта: sad82@goo.edu.kz);
- Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар қаласының № 84 сәбилер бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (мекенжайы: Павлодар қ., Украинская көшесі, 99, тел. 51-60-98, э/пошта: sad84@goo.edu.kz);
- Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар қаласының № 115 сәбилер бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (мекенжайы: Павлодар қ., Кривенко көшесі, 87/1, тел. 61-69-43, э/пошта: sad115@goo.edu.kz);
- Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар қаласының № 116 сәбилер бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (мекенжайы: Павлодар қ., Камзин көшесі, 360, тел. 57-73-59, э/пошта: sad116@goo.edu.kz);
- Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар қаласының № 121 сәбилер бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (мекенжайы: Павлодар қ., Құдайбердіұлы көшесі, 4, тел. 34-69-74, э/пошта: sad121@goo.edu.kz);
- Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар қаласының № 122 мектепке дейінгі гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (мекенжайы: Павлодар қ., Сәтбаев көшесі, 39, тел. 32-04-03, э/пошта: sad122@goo.edu.kz);
Павлодар қаласының № 3 сәбилер бақшасы – Мектепке дейінгі экоцентр орталығы – қазақ және орыс тілінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың бағдарламаларын жүзеге асыратын мектепке дейінгі мекеме. 2009 жылдан бастап жұмыс істейді. Жобалық қуаттылығы – 240 орын.
Павлодар қаласының № 4 сәбилер бақшасы – қазақ және орыс тілінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың бағдарламаларын жүзеге асыратын мектепке дейінгі мекеме. 1972 жылдан бастап жұмыс істейді. Жобалық қуаттылығы – 200 орын.
Павлодар қаласының № 7 сәбилер бақшасы – мемлекеттік тілде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың бағдарламаларын жүзеге асыратын мектепке дейінгі мекеме. 2006 жылдан бастап жұмыс істейді. Жобалық қуаттылығы – 320 орын.
Павлодар қаласының № 9 сәбилер бақшасы – мемлекеттік тілде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың бағдарламаларын жүзеге асыратын мектепке дейінгі мекеме. 1983 жылы құрылған. Жобалық қуаттылығы – 140 орын.
Павлодар қаласының № 10 сәбилер бақшасы – «ZamanStar» білім беру-дамыту орталығы – мемлекеттік тілде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың бағдарламаларын жүзеге асыратын мектепке дейінгі мекеме. 2007 жылы құрылған. Жобалық қуаттылығы – 330 орын.
Павлодар қаласының № 12 сәбилер бақшасы – мемлекеттік тілде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың бағдарламаларын жүзеге асыратын мектепке дейінгі мекеме. 1978 жылы құрылған. Жобалық қуаттылығы – 140 орын.
Кенжекөл ауылының № 20 сәбилер бақшасы – мемлекеттік тілде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың бағдарламаларын жүзеге асыратын мектепке дейінгі мекеме. 1974 жылдан бастап жұмыс істейді. Жобалық қуаттылығы – 140 орын.
Павлодар қаласының № 21 сәбилер бақшасы – қазақ және орыс тілінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың бағдарламаларын жүзеге асыратын мектепке дейінгі мекеме. 1967 жылы құрылған, 2010 қайтадан қалпына келтірілген. Жобалық қуаттылығы – 240 орын
Павлодар қаласының № 25 сәбилер бақшасы – қазақ және орыс тілінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың бағдарламаларын жүзеге асыратын мектепке дейінгі мекеме. 2015 жылдан бастап жұмыс істейді. Жобалық қуаттылығы – 260 орын.
Павлодар қаласының № 27 сәбилер бақшасы – Дамыту орталығы – қазақ және орыс тілінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың бағдарламаларын жүзеге асыратын мектепке дейінгі мекеме. 1975 жылы құрылған. Жобалық қуаттылығы – 190 орын.
Павлодар қаласының № 39 арнайы балабақшасы – қазақ және орыс тілінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың бағдарламаларын жүзеге асыратын мектепке дейінгі мекеме. 1980 жылы құрылған. Жобалық қуаттылығы – 60 орын.
Павлодар қаласының № 42 мектепке дейінгі гимназиясы – қазақ және орыс тілінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың бағдарламаларын жүзеге асыратын мектепке дейінгі мекеме. 1981 жылы құрылған. Жобалық қуаттылығы – 275 орын.
Павлодар қаласының № 52 арнайы балабақшасы – қазақ және орыс тілінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың бағдарламаларын жүзеге асыратын мектепке дейінгі мекеме. 1997 жылы құрылған, 2016 жылдан бастап жұмыс істейді. Жобалық қуаттылығы – 80 орын.
Павлодар қаласының № 53 сәбилер бақшасы – қазақ және орыс тілінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың бағдарламаларын жүзеге асыратын мектепке дейінгі мекеме. 1975 жылдан бастап жұмыс істейді. Жобалық қуаттылығы – 240 орын.
Павлодар қаласының № 82 арнайы сәбилер бақшасы – қазақ және орыс тілінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың бағдарламаларын жүзеге асыратын мектепке дейінгі мекеме. 1973 жылы құрылған. Жобалық қуаттылығы – 150 орын.
Павлодар қаласының № 84 сәбилер бақшасы – қазақ және орыс тілінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың бағдарламаларын жүзеге асыратын мектепке дейінгі мекеме. 1987 жылы құрылған. Жобалық қуаттылығы – 320 орын.
Павлодар қаласының № 115 сәбилер бақшасы – қазақ және орыс тілінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың бағдарламаларын жүзеге асыратын мектепке дейінгі мекеме. 1987 жылы құрылған. Жобалық қуаттылығы – 140 орын.
Павлодар қаласының № 116 сәбилер бақшасы – қазақ және орыс тілінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың бағдарламаларын жүзеге асыратын мектепке дейінгі мекеме. 1987 жылы құрылған. Жобалық қуаттылығы – 280 орын.
Павлодар қаласының № 121 сәбилер бақшасы – қазақ және орыс тілінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың бағдарламаларын жүзеге асыратын мектепке дейінгі мекеме. 1990 жылы құрылған. Жобалық қуаттылығы – 320 орын.
Павлодар қаласының № 122 мектепке дейінгі гимназиясы – мемлекеттік тілде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың бағдарламаларын жүзеге асыратын мектепке дейінгі мекеме. 1973 жылы құрылған, 1992 жылдан бастап жұмыс істейді. Жобалық қуаттылығы – 180 орын.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптар:
жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі бес жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымда соңғы екі жыл, ауылдық жерде - үш жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымда соңғы бір жыл;
немесе бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілігінің болуы; «үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары» немесе «екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары» немесе «бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары» немесе «басшы-ұйымдастырушы» немесе «басшы-менеджер» немесе «басшы-көшбасшы» біліктілік санатының болуы;
осы тармақтың 3-абзацындағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл;
арнайы мектепке дейінгі ұйымның басшысы (меңгерушісі) үшін біліктілікке қойылатын талаптар:
«Арнайы білім» бағыты бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім, тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім, педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификат; педагогикалық жұмыс өтілі 3 жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымда бір жыл;
және (немесе) педагогтің, немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің, немесе бірінші немесе жоғары біліктілік санатының болуы.
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымы басшысының лауазымдық міндеттері:
нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының (бұдан әрі – МДҰ) қызметін басқарады;
педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады;
педагогикалық кеңеспен бірлесіп белгіленген тәртіппен оқу жұмыс жоспарларын, қосымша мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын, оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу мен бекітуді ұйымдастырады, ішкі тәртіп ережелерінің сақталуын бақылайды;
«Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 17669 болып тіркелген) (бұдан әрі – мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты) бұйрығына сәйкес «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығында көрсетілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 14235 болып тіркелген) (бұдан әрі – мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы) іске асырылуын қамтамасыз етеді;
тәрбие-білім беру процесі кезінде ұйым тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне жағдайлар жасайды;
ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы тәрбиелеу және дамыту
мәселелерінде балалар мен ата-аналарды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру үшін жағдай жасайды;
ұйымды басқару құрылымын айқындайды, қаржылық, шаруашылық, ғылыми, әдістемелік және өзге де мәселелерді шешеді;
тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады, олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді;
әдістемелік бірлестіктердің қызметіне ықпал етеді;
тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау және нығайту, балаларға медициналық қызмет көрсету және тамақтануды ұйымдастыру үшін жағдайларды қамтамасыз етеді;
мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының мүлкі мен құралдарына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, қаржы қаражатының түсімдері мен жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;
оқу-материалдық базаның есебін, сақталуын және нығайтылуын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша санитариялық-гигиеналық режим ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
жұртшылықпен, ұйымдармен, ата-аналармен (оларды алмастыратын адамдармен) өзара байланысты жүзеге асырады;
педагог кадрларды және көмекші қызметшілерді іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді;
педагогтердің және басқа да қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін жағдай жасайды;
ұйымның қызметі туралы есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.
Білу керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерді;
педагогика және психология, әлеуметтану негіздерін;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін;
«Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 20619 болып тіркелген) сәйкес педагогикалық этиканың нормаларын (бұдан әрі – педагогикалық этиканың нормалары);
«Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №23890 болып тіркелген) сәйкес санитариялық ережелер мен нормаларды (бұдан әрі - санитариялық ережелер мен нормалар);
компьютерлік сауаттылық, ақпараттық-коммуникациялық технологияны;
экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздерін;
еңбек заңнамасының негіздерін;
ішкі еңбек тәртібі, еңбекті қорғауды, еңбек қауіпсіздігін және өртке қарсы қорғау қағидаларын.
Лауазымдық жалақының мөлшері еңбек өтіліне байланысты 170 674 теңгеден 201 334 теңгеге дейін.
Конкурсты өткізу орны: Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32
Конкурсты өткізу күні мен орны: Конкурс «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 568 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 432 бірлескен бұйрығына сәйкес белгіленген мерзімде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттың көшірмесі (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото;
4) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) біліктілік тестілеу сертификаты;
10) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары;
11) түйіндеме.
Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне (олар болған жағдайда) қол жеткізу туралы ақпаратты қосымша ұсынады. 4), 5), 6) 7), 8) 9) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсыну көрсетілетін қызметті берушіде оларды тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған жағдайда талап етілмейді. 4), 5) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен расталады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
Конкурстық комиссия жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына жасы он сегізден кем емес байқаушылар шақырылады.
Байқаушы ретінде конкурстық комиссияның отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей қызметкерлерді басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы конкурс өткізу туралы хабарландыру Білім басқармасының ресми сайтында жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде келесі мекенжайға ұсынылуы тиіс.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және нәтижесін беру:
1) Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32, 402 кабинет, анықтама телефоны мекенжайы бойынша орналасқан мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.