Павлодар облысы білім беру басқармасы, Екібастұз қаласы білім беру бөлімінің «№28 сәбилер бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының құру мәселесі бойынша жария талқылаулар ХАТТАМАСЫ

Өтетін күні: 25 шілде 2022 жылы

Өтетін орны: Павлодар облысының білім беру басқармасы, Қайырбаев көшесі, 32

Өткізу уақыты: сағат 10.00

Қатысқандар:

  1. Нурсултан Сакенович Майдисаров - Павлодар облысы білім беру басқармасының құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы;
  2. Динара Омербаевна Ахметова –Павлодар облысы білім беру басқармасының, Екібастұз қаласы білім беру бөлімінің басшысы м.а;
  3. Нургуль Шалабаевна Азанбаева - Павлодар облысы білім беру басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы;
  4. Жазира Аманегльдиновна Хамзабаева- Павлодар облысы білім беру басқармасының, Екібастұз қаласы білім беру бөлімінің мектепке дейінгі бөлімінің бас маманы;
  5. Алия Жусупбековна Бейсебаева- Павлодар облысы білім беру басқармасының құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, хатшы.
  6. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Павлодар облысы білім беру басқармасы, Екібастұз қаласы білім беру бөлімінің «№28 сәбилер бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру мүмкіндігі туралы мәселе қарауға шығарылады.
  7. Павлодар облысы білім беру басқармасының, Екібастұз қаласы білім беру бөлімінің басшысы м.а Д.О.Ахметова Павлодар облысы білім беру басқармасы, Екібастұз қаласы білім беру бөлімінің «№28 сәбилер бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру мектепке дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды ұлғайтуға 83,8% көтеретінін, сондай-ақ Мектепке дейінгі жастағы балаларды мектепте оқытуға сапалы дайындауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін айтты. 50-дан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

         Жария талқылауларды жүргізу қорытындылары: Павлодар облысы білім беру басқармасының ресми интернет ресурсында орналастыру қорытындылары бойынша 2022 жылғы 30 наурыздан бастап Екібастұз қаласы білім беру бөлімінің «№28 сәбилер бақшасы» КМҚК, Павлодар облысының білім беру басқармасына жобаны іске асыруға әлеуетті қатысушылардан ұсыныстар түскен жоқ.

Төраға:                            

Майдисаров Н.С.

Хатшы:                            

Бейсебаева А.Ж.

Қатысушылар:               

Ахметова Д.О.

 

Азанбаева Н.К.

 

 

 

Хаттама>>>

Дата публикации
25 июля 2022