Балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін фактілердің алдын алу бойынша әрекет ұсыныстары

Балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін фактілердің алдын алу бойынша әрекет ұсыныстары

 

Балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төну фактілерін болдырмау мақсатында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктеріне келесі шараларды өткізуді ұсынамыз:

- балалардың қолайсыздығының белгілерін анықтау үшін бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған, психоневрологиялық және наркологиялық есепте тұрған, кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларда тұратын адамдардың тұратын жеріне жоспардан тыс тексеру жүргізу;

- балалардың қолайсыздық фактілерін болдырмау үшін соңғы 5 жыл ішінде кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссиядан өткен балалары бар отбасыларға тексеру жүргізу;

- кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссиялар әлеуметтік қауіпті жағдайдағы отбасылар мен кәмелетке толмағандар туралы деректер банкін тұрақты негізде жаңартып отырсын;

- балалардың қолайсыздығын анықтау, алдын алу және жою үшін ведомствоаралық өзара іс-қимыл алгоритмін іске асыра отырып, балалардың қолайсыздығы фактілерін ерте анықтау, уақтылы араласу және жолын кесу жүйесін жолға қою;

- құзыреті шегінде қолайсыз жағдайға тап болған балаларды анықтау және шаралар қабылдау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізу:

  1. педагог қызметкерлер - білім беру процесі барысында, білім алушылардың отбасылық тәрбиесінің ерекшеліктерін зерделеу барысында, білім алушылармен және олардың заңды өкілдерімен әңгімелесу кезінде, үшінші тұлғалардан кәмелетке толмағандарға қатысты ақпарат алу кезінде;
  2. медицина қызметкерлері – медицина қызметкерінің кәмелетке толмағандарға патронаж жүргізуі кезінде, кәмелетке толмағандардың және олардың заңды өкілдерінің Денсаулық сақтау мекемелеріне келуі кезінде, дәрігерді баланың үйіне немесе заңды өкілдеріне шақыруы кезінде, оның ішінде жедел медициналық жәрдем шығуы кезінде, әйелдерді жүктілік кезінде есепке қою кезінде (жүкті әйелді қадағалау) және басқа да жағдайларда;
  3. ішкі істер органдарының қызметкерлері – азаматтар құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасаған кезде, кәмелетке толмағандармен жеке профилактикалық жұмыс жүргізген кезде, оның ішінде отбасыларға үйде болған кезде, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етпеуі туралы азаматтардың өтініштерін белгіленген тәртіппен қараған кезде;
  4. әлеуметтік қорғау және халыққа қызмет көрсету мекемелерінің мамандары, волонтерлер – азаматтардың өтініштері барысында, қызмет көрсету кезінде, оның ішінде үйде, зейнетақы мен жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, қайырымдылық көмек көрсету және басқа да көмек түрлері кезінде, оның ішінде азаматтардың (отбасылардың) материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру барысында консультация беру кезінде.

   

Балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін фактілердің алдын алу бойынша әрекет ұсыныстары

 

 

Дата публикации
29 марта 2022