Павлодар облысы әкімінің
2022 жылғы « » наурыздағы
№ өкімімен
бекітілді
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ 2022 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ІС-ҚИМЫЛ БАҒДАРЛАМАСЫ
Бүгінгі күні кедейшіліктің нақты деңгейі және жұмыссыздық проблемалары бойынша келесі жағдай байқалуда.
Халықтың кірістерінің қазіргі жағдайы теріс үрдіске ие. Мысалы, номиналды кірістердің 2010 жылы 46,7 мың теңгеден 2021 жылы 136,8 мың теңгеге дейін (2021 жылғы 3-тоқсан) тұрақты оң серпініне қарамастан халықтың нақты кірістерінің өсу қарқыны төмендеуде (2019 жылы 8,6%, 2020 жылы 5,0%). Бұл экономикалық өсудің баяулауына (2020 жылы -3,1%, 2021 жылдың 9 айында 3,2%) және 2022 жылы да сақталатын жоғары инфляциялық қысымға (2020 жылы 7,9%, 2021 жылы 8,3%) байланысты.
Нақты кірістің тұрақты серпініне қарамастан облыста еңбек кірістерінің төмен болуы проблемасы және соның салдарынан өзін-өзі жұмыспен қамтудың және халықтың көшіп кету үлесінің жоғары болуы байқалады.
Бұдан басқа, кедейшілік мәселесі мынадай проблемалармен күрделендіріледі:
Теңсіздіктің өсуі. Теңсіздіктің өсуі және орташа (219 884 теңге) мен медиандық (161 270 теңге) жалақы арасындағы алшақтықтың артуы байқалады. Облыста аталған алшақтық 1,3 есені құрайды.
Жұмыс істейтін кедейлердің өсуі (жалдамалы жұмысшылар арасындағы кедейшілік). Халық кірісінің құрылымын талдау соңғы 10 жылда халықтың еңбек кірісінің үлесі 5,2 п.т. төмендегенін көрсетіп отыр (2010 жылы 78,8/%-дан 2021 жылғы 3-тоқсанда 73,6%-ға дейін), сол уақытта әлеуметтік трансферттер үлесі 8 п.т. өсті.
2015 жылдан бастап әлеуметтік трансферттердің өсуі (2,4 п.т-ға 22,4%-ға дейін) мемлекет бюджетіне жүктемені күшейтетінін атап кеткен жөн, бұл барлық қажеттіліктерді өтеу әлеуетіне қауіп төндіреді.
Нәтижелі емес жұмысбастылықтың жоғары үлесі. Бүгінде жұмыс істейтін халықтың үлкен бөлігі нәтижелілігі төмен еңбекпен айналысады және төмен кірістерге ие болып отыр. Бұл экономикада жоғары деңгейлі дағдыларды талап етпейтін жұмыс орындарының құрылуымен түсіндіріледі, бұл өз кезегінде өнімділік пен жалақыға әсер етеді.
Оның себебі кірістің өсуінде айтарлықтай әлеуетке ие өңдеу өнеркәсібінің, әсіресе жоғары технологиялық кәсіпорындардың (жоғары бөліністі өнімдерді шығаратын) әлсіз дамуында болып отыр.
Осыған байланысты, жұмысбастылықты қамтамасыз ету үшін жұмыс күшінің дағдыларын арттыру қажет, оның ішінде жоғары өнімді жұмыс орындарын құру арқылы.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арасындағы кедейшілік. Сондай-ақ, азаматтардың көп бөлігі өзін-өзі жұмыспен қамтудан жеткілікті кіріс ала алмай отыр. Облыста өзін-өзі жұмыспен қамтыған 58,5 мың адам бар, олардың 76,8%-ы айына 100 мың теңгеден аз табады, 6,4%-ы ең төмен күнкөріс деңгейінен аз кіріске ие.
Облыста кірісі ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен халық үлесінің өсуі байқалады, ол 2020 жылы 3,9%-ды құрады (2018 жыл – 3,1%), бұл ретте көрсеткіш орташа республикалық деңгейден аспайды – 5,3%.
Жалпы, нақты кірістердің тұрақты өсуінің болмауы, салыстырмалы төмен еңбек кірісі, өзін-өзі жұмыспен қамтудың жоғарылығы және халықтың кетуі болашақта нақты кірістердің өсуі бойынша мақсаттарға қол жеткізбеу тәуекелдері болып табылады.
Жоғарыда келтірілген талдауды ескере отырып, Павлодар облысының 2022 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасы әзірленді.
Бағдарламаны іске асыру келесі 10 міндетті шешуге бағытталған:
1) Жаңа жұмыс орындарын құру және жұмыссыздықты төмендету;
2) Жастар саясаты;
3) Оқыту, дайындау жәнге қайта даярлау;
4) Кәсіпкерлік белсенділікті арттыру;
5) Жағдайлар жасау және жалдамалы қызметкерлер жалақысының өсуін ынталандыру;
6) Халықтың жекелеген әлеуметтік топтарын қолдау;
7) Бағалардың және инфляцияның негізсіз өсуін тежеу;
8) Инфрақұрылымды үдемелі дамыту;
9) Халықпен ашық диалог;
10) Қосымша резервтерді арттыру бойынша бастамалар.
Алғашқы 4 міндетті шешу үшін АӨК, өңдеу өнеркәсібін, шағын және орта бизнесті дамытуды ынталандыру жолымен, оның ішінде халықтың дағдылары мен біліктілігін арттыруды, кәсіби бағдарлану жұмысын жүргізуді және жастарды қолдауға баса назар аударуды ескере отырып, жаңа жұмыс орындары құрылатын болады.
5-6 міндеттер шеңберінде жалдамалы жұмыскерлердің еңбек кірістерінің өсуін, еңбек өнімділігін және азаматтардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыру бойынша шаралар іске асырылатын болады.
Бағаны тұрақтандыру және төмендету, ішкі нарықты молықтыру және халықтың шығындарын қысқарту бойынша шаралар іске асырылатын болады.
8-10 міндеттерді шешу қолайлы өмір сүру ортасын құруға және қоғамның сұрауларына тиімді, жедел әрекет ететін мемлекеттік аппарат құру бойынша жұмысты күшейтуге бағытталған.
|
р/с№ |
Іс-шара атауы |
Аяқтау нысаны |
Жауапты орындаушылар |
Орындау мерзімі |
Қаржылан дыру көздері |
Түпкілікті нәтиже |
|
I. ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҚҰРУ ЖӘНЕ ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ ТӨМЕНДЕТУ |
||||||
|
1. 3 |
Ұлттық жобаларды және жеке бастамаларды іске асыру шеңберінде жұмыс орындарын құру: - 12514 тұрақты; - 8341 уақытша. |
Жұмыс орындары |
ЖҚҮӘББ, ББӘ, қалалар мен аудандар әкімдері, бақылау – М.О. Өтешов |
2022 жыл |
қажет етілмейді |
20855 жұмыс орны |
|
2. |
Облыс ауылдарында (300 тұрғыннан астам) жаңа жұмыс орындарын құрумен бұқаралық спорт бойынша орталықтар ашу (спорт жөніндегі нұсқаушы-әдіскерлер) |
Облыс әкіміне ақпарат |
ДШСБ, КИИДБ, бақылау – М.О. Өтешов |
2022 жылғы 2-тоқсан |
ЖБ |
380 жаңа жұмыс орны |
|
3. |
Үй шаруашылықтарынан ауысу арқылы ұйымдасқан шаруашылықтардың санын ұлғайту (2021 ж. – 327 бірлік) |
Статистикалық есептілік |
АШБ, қалалар мен аудандар әкімдері бақылау – М.О. Өтешов |
2022 жылғы желтоқсан |
қажет етілмейді |
2021 жылмен салыстырғанда 540 бірлікке ұлғайту |
|
4. |
Ақсу қаласының жұмыспен қамту орталығының жұмысын ірі HR агенттіктермен ұқсас бойынша жұмысын қайта форматтау (пилот) (жергілікті және шетел компанияларына жұмысқа орналастыру) |
Жұмыс орындары |
ЖҚҮӘББ, Ақсу қаласының әкімі, бақылау – М.О. Өтешов |
2022 жыл |
қажет етілмейді |
Жүгінгендерді қамту – 800 адам. ХЖҚО 18 мобильді орталығын ашу (Павлодар қ. – 3 Екібастұз қ. – 3 Ақсу қ. – 2 Аудандар – 10) |
|
5. |
Халық көп жиналатын орындарда халықпен жұмыспен қамту мәселелері бойынша мобильді жұмыспен қамту орталықтары түрінде өзара іс-қимылдың жаңа нысандарын енгізу |
Жұмыс орындары |
ЖҚҮӘББ, қалалар мен аудандар әкімдері бақылау – М.О. Өтешов |
2022 жыл |
қажет етілмейді |
|
|
6. 7 |
«Business Ertis» жобасының шеңберінде жұмысқа орналастыру |
Облыс әкіміне ақпарат |
КИИДБ, ЖҚҮӘББ, қалалар мен аудандар әкімдері, бақылау – С.Б. Шаяхметов |
2022 жыл ішінде |
қажет етілмейді |
500 жұмыс орны, оның ішінен 200-і ХӘОТ үшін |
|
7. |
Мына жобалардың шеңберінде жастарды, соның ішінде NEET жастарын және зейнеткерлік алдындағы жастағы адамдарды жұмысқа орналастыру: - «Бірінші жұмыс орны»; - «Ұрпақтар келісімшарты»; - «Күміс жас» |
Жұмысқа орналастыру |
ЖҚҮӘББ, қалалар мен аудандар әкімдері, бақылау – М.О. Өтешов |
2022 жыл |
ЖБ, РБ |
«Бірінші жұмыс орны» - 150 адам (2021 жылмен салыстырғанда 94 адамға көп) «Ұрпақтар келісімшарты» - 30 адам «Күміс жас» - 173 адам |
|
8. |
ШОК қолданыстағы субъектілері санының 1000 бірлікке өсуі (2021 жыл – 885 субъект) |
ШОК қолданыстағы субъектілерінің санын ұлғайту |
КИИДБ, ЖҚҮӘББ, АШБ, қалалар мен аудандар әкімдері, бақылау – С.Б. Шаяхметов |
2022 жыл ішінде |
РБ ЖБ |
ШОК 47,7 мың қолданыстағы субъектісі |
|
II. ЖАСТАР САЯСАТЫ |
||||||
|
9. |
Жастар саясаты саласындағы реформалар жөніндегі үйлестіру кеңесін құру |
Облыс әкіміне ақпарат |
АҚДБ, облыс басқармалары, қалалар мен аудандар әкімдері, бақылау – А.А. Құрманова |
жартыжыл дықта бір рет |
қажет етілмейді |
НҚА жетілдіру бойынша ұсыныс әзірлеу |
|
10. |
Қолданыстағы мәдениет объектілерінің базасында «Креативті шығармашылық орталығын» ашу |
Облыс әкіміне ақпарат
|
МТДАІБ, қалалар мен аудандар әкімдері, бақылау – С.Б. Шаяхметов |
2022 жыл |
ЖБ |
5000 адамды қамтумен 13 орталық |
|
11. |
«TARTU» шығармашыл жастарды тарту бойынша жобаны іске асыру |
Облыс әкіміне ақпарат |
МТДАІБ, қалалар мен аудандар әкімдері, бақылау – А.А. Құрманова |
2022 жылғы ақпан |
қажет етілмейді |
2022 ж. – 3 000 адам |
|
12. |
35 жастан кіші азамттардың әлеуметтік мәртебесін мониторингілеудің және есепке алудың өңірлік ақпараттық дерекқорын енгізу, соның ішінде колледждер мен ЖОО түлектерін бес жылдық мониторингілеу
|
Пайдалануға енгізу актісі |
ЦТБ, ББ, ЖҚҮӘББ, қалалар мен аудандар әкімдері, ПД (келісім бойынша), ЖОО (келісім бойынша) бақылау – С.Б. Шаяхметов |
2022 жылғы желтоқсан |
Жеке инвестициялар, ЖБ |
Дерекқорлар құру және мемлекеттік дерекқорлармен біріктіру |
|
13. |
Колледждердің базасында «бір терезе» қағидасы бойынша 15 Жастарды қолдау орталығын құру (заңды, консультациялық қызмет ұсыну және өз бизнесін ашу бойынша сүйемелдеу) (ауылда – 10, Павлодар қ. – 3, Ақсу қ. – 1, Екібастұз қ. – 1) |
Облыс әкіміне ақпарат |
ББ, КИИДБ, АҚДБ, ЖҚҮӘББ, қалалар мен аудандар әкімдері, ӨКП (келісім бойынша) бақылау – А.А. Құрманова |
2022 жылғы 1 жартыжыл дық |
ЖБ |
NEET санаты жастарының қатарынан кем дегенде 5000 адамды қамту |
|
14. |
Жастар үшін әлеуметтік тапсырыс шеңберінде қаржылық, құқықтық және цифрлық сауаттылық негіздер бойынша кеңестер беру |
Облыс әкіміне ақпарат |
АҚДБ, бақылау – А.А. Құрманова |
2 жартыжыл дық |
ЖБ |
1000 адамды оқыту |
|
15. |
NEET жастарын өңдеу өнеркәсібінің өнеркәсіптік кәсіпорындарында тағылымдамасын ұйымдастыру (ай сайын ауданда кем дегенде 10 адам және қалада 50 адам) |
Облыс әкіміне ақпарат |
АҚДБ, КИИДБ, ЖҚҮӘББ, қалалар мен аудандар әкімдері бақылау – А.А. Құрманова |
жартыжыл дықта 1 рет |
қажет етілмейді |
Кем дегенде 2500 адам |
|
16. |
Демалыс кезеңінде оқушыларды еңбек жұмысымен қамту мәселесін пысықтау (2021 жыл – 2760 орын): - «Жасыл Ел» студенттік жастар еңбек жасақтарына квоталарды ұлғайту; - жазғы уақытта, әсіресе ауылдық жерде жоғары сынып оқушыларының (14 жастан бастап) еңбек жасақтары үшін бөлінетін орындар санын ұлғайту |
Облыс әкіміне ұсыныс
|
ББ, КИИДБ, АҚДБ, қалалар мен аудандар әкімдері, бақылау – А.А. Құрманова
|
жыл сайын |
ЖБ |
Жасыл ел – 1175 орын, жоғары сынып оқушыларының еңбек жасақтары – 2000 орын (10%-ға өсу) |
|
17. |
Инновациялық бизнес-идеяларды іске асыру үшін жас кәсіпкерлерге (29 жасқа дейін) мемлекеттік гранттар беру |
Гранттар беру |
КИИДБ, қалалар мен аудандар әкімдері, бақылау – С.Б. Шаяхметов |
2022 жылғы сәуір |
РБ |
Кем дегенде 8 жоба |
|
18. |
Әскерге шақыруға дейінгі жастар арасында «Жаужүрек» әскери-патриоттық ойындар өткізу |
Облыс әкіміне ақпарат |
АҚДБ, ББ, қалалар мен аудандар әкімдері, бақылау – А.А. Құрманова |
2022 жылғы 3-тоқсан |
Демеушілік қаражат |
700 адамды қамту |
|
19. |
Мәдениет саласындағы инфрақұрылымды кеңейту |
Пайдалануға енгізу актісі |
МТДАІБ, қалалар мен аудандар әкімдері, бақылау – А.А. Құрманова |
жыл ішінде |
РБ, ЖБ |
2 объект салу, 14 объектіні жөндеу |
|
20. |
ТжКБ және орта білім беру ұйымдарында киберспорт бойынша турнир ұйымдастыру |
БАҚ-та және әлеуметтік желілерде жариялаулар |
ББ, бақылау – А.А. Құрманова |
маусым, желтоқсан |
Жеке инвестициялар, ЖБ |
Кем дегенде 1000 оқушыны қамту |
|
21. |
ТжКБ ұйымдарында студенттердің дайын өнім жәрмеңкелерін өткізуі |
БАҚ-та және әлеуметтік желілерде жариялаулар |
ББ, бақылау – А.А. Құрманова |
маусым, желтоқсан |
қажет етілмейді |
Кем дегенде 3000 оқушыны қамту |
|
22. |
Облыс кітапханаларында «SМАРТ - КІТАПХАНА» АКАЖ енгізу |
Облыс әкіміне ақпарат |
МТДАІБ, ЦТБ, қалалар мен аудандар әкімдері, бақылау – А.А. Құрманова |
жыл ішінде |
Демеушілік қаражат |
Кітапхана жүйесінің 10 бизнес барысын автоматтандыру |
|
23. |
«Кешкі кітапхана» жобасын іске асыру
|
Облыс әкіміне ақпарат |
МТДАІБ, қалалар мен аудандар әкімдері, бақылау – А.А. Құрманова |
жыл ішінде |
қажет етілмейді |
Оқырмандарды қамтуды кем дегенде 20 мың адамға ұлғайту |
|
24. |
«ÄUEN» әр түрлі бағыттағы музыкант-әуесқойлар үшін тегін алаң (студия) ашу |
Облыс әкіміне ақпарат |
МТДАІБ, бақылау – А.А. Құрманова
|
ақпан |
қажет етілмейді |
Ресми емес шығармашылықтың 100 жаңа бейнесі |
|
25. |
Жұмыс берушілердің есебінен ауылда аса қажет етілетін мамандықтар бойынша ТжКБ ұйымдарының түлектерін тұрғын үймен және жұмысқа орналастырумен қамтамасыз ету бойынша кешенді жоспар әзірлеу |
Облыс әкіміне ақпарат |
ББ, қалалар мен аудандар әкімдері, бақылау – А.А. Құрманова
|
2022 жылғы 1-тоқсан |
қажет етілмейді |
Кешенді жоспар |
|
III. ОҚЫТУ, ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ДАЯРЛАУ |
||||||
|
26. |
«Agro Bilim» жобасының шеңберінде материалдық-техникалық базаны нығайтуды ескерумен 8 ауылдық колледжді жаңғырту |
Облыс әкіміне ақпарат |
ББ, бақылау – А.А. Құрманова |
2022 жылғы 1 жартыжыл дық |
Жеке инвестициялар |
8 ауылдық колледжде оқушылар құрамын 250 адамға ұлғайту
|
|
27. |
ТжКБ 100 педагогін «Атамекен» ҰКП базасында кәсіпкерлік негіздеріне дайындау және қайта даярлау курстарын өткізу |
Курстар |
ББ, ӨКП (келісім бойынша), бақылау – А.А. Құрманова |
тұрақты түрде |
қажет етілмейді |
Кем дегенде 4500 студентті кейіннен оқыту |
|
28. |
Мектепте «Өзіңді тап» кәсіби бағдарлану жұмысының бағдарламасын енгізу |
Бағдарлама |
ББ, бақылау – А.А. Құрманова
|
тұрақты түрде |
Жеке инвестициялар |
7-11 сыныптың 39,0 мың оқушысын қамту |
|
29. |
Колледждердің студенттерін Жаңа кәсіптер атласы тізбесінің және облыс құзыреттерінің қосымша және арнайы курс бағдарламалары бойынша оқыту |
Сертификат |
ББ, бақылау – А.А. Құрманова |
2022 жылғы маусым |
ЖБ |
4500 студентті оқыту |
|
30. |
Павлодар қаласының ОӨК (оқу-өндірістік комбинаты) базасында салалық кәсіби бағдарланудың өңірлік пилотын іске қосу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ББ, бақылау – А.А. Құрманова |
2022 жыл |
ЖБ |
Павлодар облысының 8-11-сынып оқушыларының 5 мың адамына дейін қамту |
|
31. |
Колледждердің базасында жастар үшін жеке бағдарламаны ескерумен қысқа мерзімді курстар әзірлеу және енгізу: - жұмыс берушілердің өтініштері бойынша қайта даярлау (6 айға дейін) - бастапқы дағдылар (апталық курстар) |
Облыс әкіміне ақпарат |
ЖҚҮӘББ, ББ, қалалар мен аудандар әкімдері, бақылау – М.О. Өтешов |
жартыжыл дықта бір рет |
ЖБ |
300 адамды қамту |
|
32. |
Негізгі орта білім беру базасында тегін ТжКБ қамту үшін мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру (2021 ж. – 4505 адам) |
Облыс әкімдігінің қаулысы |
ББ, бақылау – А.А. Құрманова |
2022 жылғы желтоқсан |
ЖБ |
4600 адам (9-сыныптан кейін түскен 1 курс студенттерінің жалпы санынан 79,3%) |
|
IV. КӘСІПКЕРЛІК БЕЛСЕНДІЛІКТІ ЫНТАЛАНДЫРУ |
||||||
|
33. |
Облыстың ірі кәсіпорындарын жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдауға тарту (гранттар, пайызсыз несиелер беру, кепіл болу) |
Кәсіпкермен шарт |
КИИДБ, АШБ, қалалар мен аудандар әкімдері, ӨКП (келісім бойынша), бақылау – С.Б. Шаяхметов |
2022 жыл ішінде |
Жеке инвестициялар |
Кем дегенде 50 жобаны қолдау |
|
34. |
Шағын және орта бизнес өнімін сатуға жәрдемдесу, соның ішінде облыстың ірі кәсіпорындарына және экспортқа |
Өнімді жеткізуге шарт |
КИИДБ, АШБ, қалалар мен аудандар әкімдері, ӨКП (келісім бойынша), бақылау – С.Б. Шаяхметов |
2022 жыл ішінде |
қажет етілмейді |
Өнімді жеткізуге кем дегенде 150 жасалған шарт |
|
35. |
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру |
Гранттар беру |
КИИДБ, қалалар мен аудандар әкімдері, бақылау – С.Б. Шаяхметов |
2022 жыл ішінде |
ЖБ |
10 жоба |
|
36. |
Ауылдық ТжКБ ұйымдарында IT-бағыттар бойынша StartUp-жобаларды гранттық қаржыландыру: - ауылдық жерде экономиканы дамыту бойынша қажеттілікті анықтау; - бизнес-идеялар платформасын құру |
Ақшалай сертификат |
КИИДБ, ЦТБ, ББ, ӨКП (келісім бойынша), бақылау – С.Б. Шаяхметов |
жартыжыл дықта бір рет |
РБ |
кем дегенде 10 жоба |
|
37. |
«Еңбек» бағдарламасының шеңберінде жастарға және халықтың әлеуметтік осал топтарына 400 АЕК-ке дейінгі мөлшерде мемлекеттік гранттар беру (2021 ж. – 20 АЕК) |
ЖК ашу және БЖТ төлеу |
ЖҚҮӘББ, қалалар мен аудандар әкімдері, ӨКП (келісім бойынша), бақылау – М.О. Өтешов |
2022 жылғы желтоқсан |
РБ |
Жастар – 470; ХӘОТ – 765 адам
|
|
38. |
Шағын және орта бизнес субъектілері үшін «Business Ertis» өңірлік ақпараттық платформасын енгізу |
Тәжірибелі пайдалануға енгізу актісі |
КИИДБ, ЦТБ, бақылау – С.Б. Шаяхметов
|
2022 жылғы мамыр |
Жеке инвестициялар |
Кем дегенде 1000 қаралым |
|
39. |
ШОБ субъектілерінің объектілерінде POS-терминалдар, қолма-қолсыз төлемдердің баламалы көздерін орнату |
Облыс әкіміне талдамалақ ақпарат |
КИИДБ, қалалар мен аудандар әкімдері, МКД (келісім бойынша), бақылау – С.Б. Шаяхметов
|
Тоқсан сайын |
қажет етілмейді |
15 800 субъектіде POS терминалдарының болуы |
|
40. |
Өңірдің ісін жаңа бастаған және қолданыстағы кәсіпкерлері үшін оқыту семинарларын және курстарын ұйымдастыру (мемлекеттік сатып алуға қатысу, электрондық сауда, ST-KZ сертификаттарын алу, салық есептілігін тапсыру, қаржыландыру алу, сайт құру және т.б.) |
Біліктілік арттыру курстары |
КИИДБ, АҚДБ, АШБ, ЖҚҮӘББ, қалалар мен аудандар әкімдері, бақылау – С.Б. Шаяхметов |
2022 жыл ішінде |
қажет етілмейді |
Кем дегенде 2000 тыңдаушыны қамту |
|
41. |
Облыстың кәсіпкерлеріне электрондық сауда алаңына шығу бойынша жәрдемдесу (Kaspi, Wildberies, Lamoda және т.б.) (2021 жыл – 17 кәсіпкер) |
Облыс әкіміне ақпарат |
КИИДБ, АШБ, ЖҚҮӘББ, АҚДБ, қалалар мен аудандар әкімдері, ӨКП (келісім бойынша), бақылау – С.Б. Шаяхметов |
2022 жыл ішінде |
қажет етілмейді |
Өңірдің кем дегенде 50 кәсіпкерін ілгері жылжыту |
|
42. |
Облыстың және басқа өңірлердің табысты кәсіпкерлерінің өңірдің NEET жастарының, халықтың әлеуметтік осал топтарының, студенттердің, ісін жаңа бастаған және қолданыстағы кәсіпкерлерінің алдында дәрістер өткізуі |
Дәріс |
КИИДБ, АШБ, ЖҚҮӘББ, АҚДБ, қалалар мен аудандар әкімдері, ӨКП (келісім бойынша), бақылау – С.Б. Шаяхметов |
2022 жыл ішінде |
қажет етілмейді |
Кем дегенде 2000 адамды қамту |
|
43. |
Өңірдің ісін жаңа бастаған және қолданыстағы кәсіпкерлерімен бизнестің өзекті проблемаларын шешу мақсатында дөңгелек үстелдер ұйымдастыру |
Облыс әкіміне ақпарат |
КИИДБ, АШБ, ЖҚҮӘББ, қалалар мен аудандар әкімдері, ӨКП (келісім бойынша), бақылау – С.Б. Шаяхметов |
2022 жыл ішінде |
қажет етілмейді |
Кем дегенде 2000 кәсіпкерді қамту, бизнестің кем дегенде 400 проблемасын шешу |
|
44. |
Облыс халқының және бизнестің түскен ұсыныстары бойынша ҚР заңнамалық актілеріне өзгеріске бастамашылық жасау |
Облыс әкіміне ақпарат |
КИИДБ, АШБ, ЖҚҮӘББ, қалалар мен аудандар әкімдері, ӨКП (келісім бойынша), бақылау – С.Б. Шаяхметов |
2022 жыл ішінде |
қажет етілмейді |
Депутаттық корпуспен бірлескен жұмыс |
|
45. |
Жалдау шарттары туралы ақпаратты қамтумен бизнес үшін бос ғимараттар туралы деректерді цифрландыру |
Бос ғимараттар туралы ақпарат |
ЦТБ, КИИДБ, қалалар мен аудандар әкімдері, ӨКП (келісім бойынша), бақылау – С.Б. Шаяхметов |
2022 жыл ішінде |
Жеке инвестициялар |
Бизнес үшін бар ғимараттар туралы ақпарат |
|
V. ЖАҒДАЙЛАР ЖАСАУ ЖӘНЕ ЖАЛДАМАЛЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ЖАЛАҚЫСЫНЫҢ ӨСУІН ЫНТАЛАНДЫРУ |
||||||
|
46. |
Өндірістік қуаттылықтардың жүктемесін қамтамасыз ету және өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының проблемалық мәселелерін шешу |
Облыс әкіміне ақпарат |
КИИДБ, қалалар әкімдері, бақылау – С.Б. Шаяхметов
|
тоқсан сайын |
қажет етілмейді |
78% астам қуаттылықтардың жүктемесі және кем дегенде 20 проблемалық мәселені шешу |
|
47. |
Ауыл шаруашылық дақылдарының егістік алаңдарын ұлғайту |
Облыс әкіміне ақпарат |
АШБ, қалалар мен аудандар әкімдері, бақылау – М.О. Өтешов |
2022 жылғы маусым |
қажет етілмейді |
2021 жылғы алаңдарға қарағанда 5%-ға |
|
48. |
Ірі компаниялар қызметкерлерінің жалақысын орташа салалық деңгейге дейін арттыру бойынша келіссөздер жүргізу |
Аумақтық комиссиялардың жұмыс берушілермен өзара іс-қимылы (меморандум, ауызша уағдаластық және басқалары) |
КИИДБ, ЕБ, ЭТҮКШБ, қалалар мен аудандар әкімдері, МКД (келісім бойынша), бақылау – С.Б. Шаяхметов |
тұрақты түрде |
қажет етілмейді |
Орташа салалық деңгейдің ЕЕА төмен жалақысы бар жалдамалы қызметкерлердің санын азайту |
|
49. |
Көлеңкеден шығару және орташа салалық деңгейден төмен жалақысы бар қызметкерлердің жалақысын ұлғайту: - орта және шағын кәсіпкерлік, - ШҚ және ауыл шаруашылық кәсіпорындары |
Жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл (меморандум, ауызша уағдаластық және басқалары) |
КИИДБ, ЕБ, қалалар мен аудандар әкімдері, МКД (келісім бойынша), бақылау – С.Б. Шаяхметов |
тұрақты түрде |
қажет етілмейді |
|
|
VI. ХАЛЫҚТЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ӘЛЕУМЕТТІК ТОПТАРЫН ҚОЛДАУ |
||||||
|
50. |
Әлеуметтік қолдауға мұқтаж тұлғалардың деректерін өзектендіру бойынша ақпараттық жүйе құру |
Ақпараттық жүйе |
ЖҚҮӘББ, ЦТБ, қалалар мен аудандар әкімдері, бақылау – М.О. Өтешов |
2022 жыл |
қажет етілмейді |
Әлеуметтік қолдау шараларымен қамтуды мониторингілеу |
|
51. |
Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамту үшін қиын өмірлік жағдайдағы отбасыларды анықтау бойынша жедел әрекет ету топтарының жұмысын қайта форматтау |
Облыс әкіміне ақпарат |
ЖҚҮӘББ, қалалар мен аудандар әкімдері, ПД (келісім бойынша), облыстың депутаттық корпусы, бақылау – М.О. Өтешов |
Тұрақты түрде |
қажет етілмейді |
Жедел әрекет ету топтарының жұмыс форматын өзгерту |
|
52. |
Инклюзивті жобаларды іске асыру: - Ерте араласу орталығын ашу (Торайғыров к-сі 46); - АСБ және ментальді бұзушылықтары бар балалар үшін Оңалту орталығын ашу (Жамбыл к-сі 6); - Облыстық оңалту орталығын кеңейту (Лермонтов к-сі 59) |
Орталықтар ашу |
ДСБ, ЖҚҮӘББ, бақылау – А.А. Құрманова |
2022 жылғы желтоқсан |
РБ ЖБ |
Ерекше қажеттіліктері бар 8000 баланы инклюзивті қызметтермен қамту |
|
53. |
Өңірлік деңгейде әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту (балалар ауылының тәрбиеленушілерін және балалар үйінің, жетім балаларға және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектерін жұмысқа орналастыру) |
Комиссия хаттамасы |
КИИДБ, ЖҚҮӘББ, қалалар мен аудандар әкімдері МКД (келісім бойынша), бақылау – С.Б. Шаяхметов |
Жыл сайын |
қажет етілмейді |
Кем дегенде 200 ШОБ субъектісін қамту |
|
54. |
Атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың еңбекке жарамды мүшелерін жұмысқа орналастыру |
Жұмысқа орналастыру |
ЖҚҮӘББ, қалалар мен аудандар әкімдері, бақылау – М.О. Өтешов |
2022 жыл |
қажет етілмейді |
82,2% жұмысқа орналасқан алушылар |
|
55. 5 |
Амнистияға түсетін бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды жұмысқа орналастыру |
Тұрақты және уақытша жұмыс орындары |
ЖҚҮӘББ, КИИДБ, АШБ, ЭТҮКШБ, ҚАЖД, қалалар мен аудандар әкімдері, бақылау – М.О. Өтешов |
2022 жыл |
РБ ЖБ |
кем дегенде 30 адам |
|
56. |
Балалардың қалалық қоғамдық көлікте тегін жол жүруін қамтамасыз ету |
Мәслихаттардың шешімі, әкімдіктердің қаулысы |
ЖКАЖБ, қалалар әкімдері, бақылау – О.П. Крук |
2022 жылғы мамыр-желтоқсан |
ЖБ |
83 мың оқушы |
|
57. |
Мектептерде 1-4 сынып оқушылары үшін ыстық тамақ ұйымдастыру |
Мәслихаттардың шешімі, әкімдіктердің қаулысы |
ББ, бақылау – А.А. Құрманова |
2022 жыл |
ЖБ |
45 мың бала |
|
VII. БАҒАЛАРДЫҢ ЖӘНЕ ИНФЛЯЦИЯНЫҢ НЕГІЗСІЗ ӨСУІН ТЕЖЕУ |
||||||
|
58. 8 |
«Павлодар» ӘКК» АҚ тұрақтандыру қорынан Тұрақтандыру қорының серіктес дүкендеріне үздіксіз өнім жеткізуді қамтамасыз ету |
Облыс әкіміне ақпарат |
КИИДБ, «Павлодар» ӘКК» АҚ (келісім бойынша), бақылау – С.Б. Шаяхметов |
жыл ішінде |
ЖБ |
Аптасына 5 күннен |
|
59. |
«Айналым схемасы» тетігінің шеңберінде кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздар беру |
Облыс әкіміне ақпарат |
КИИДБ, «Павлодар» ӘКК» АҚ (келісім бойынша), бақылау – С.Б. Шаяхметов |
жыл ішінде |
ЖБ |
Желілік дүкендерді 100% қамту |
|
60. 9 |
Ауыл шаруашылық тауарын өндірушілермен және сауда желілерімен әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларына бағалардың өсуін болдырмау бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасу |
Міндеттемелерді орындау |
КИИДБ, «Павлодар» ӘКК» АҚ (келісім бойынша), бақылау – М.О. Өтешов |
2022 жылғы желтоқсан |
қажет етілмейді |
Тіркелген бағаларды ұстау |
|
61. 10 |
Фермерлік нарық салу |
Енгізу актісі |
КИИДБ, «Павлодар» ӘКК» АҚ (келісім бойынша), бақылау – М.О. Өтешов |
2022 жылғы қыркүйек |
ЖБ |
Тауарларды нарықтан 10% төмен бағалар бойынша сату |
|
62. |
Қалалар мен аудандардың аумақтарында апта сайынғы ауыл шаруашылық жәрмеңкелерін ұйымдастыру (қыркүйек-сәуір) |
Ауыл шаруашылық жәрмеңкесі |
КИИДБ, қалалар мен аудандар әкімдері, бақылау – М.О. Өтешов |
2022 жыл |
қажет етілмейді |
Тауарларды нарықтан 10% төмен бағалар бойынша сату |
|
63. |
Нарықтарды, сауда желілерін және үйдегі дүкендерді ӘМАТ бойынша сауда үстемеақысын сақтау мәніне мониторингілеу |
Облыс әкіміне ақпарат |
КИИДБ, қалалар мен аудандар әкімдері, «Павлодар» ӘКК» АҚ (келісім бойынша), бақылау – С.Б. Шаяхметов |
2022 жыл ішінде |
қажет етілмейді |
ӘМАТ-қа бағалар индексінің өсуін 6% дәлізінде ұстау |
|
64. 12 |
Өңірде инфляцияны тежеу бойынша іс-шаралар жоспарын және мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимыл регламентін әзірлеу |
Өзара іс-қимыл регламенті |
ЭБЖБ, КИИДБ, АШБ, ЭТҮКШБ, ЖКАЖБ, ЦТБ, МТДАІБ, ББ, ДШСБ, қалалар мен аудандар әкімдері, бақылау – Д.Ш. Шаймұратова |
2022 жылғы ақпан |
қажет етілмейді |
Инфляцияны 4-6% дәлізінде ұстау |
|
VIII. ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ҮДЕМЕЛІ ДАМЫТУ |
||||||
|
65. 1 |
Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларында жылумен жабдықтауды дамытудың перспективалы схемаларын әзірлеу бойынша инвесторды анықтау |
Жұмыстарды бастау |
ЭТҮКШБ, қалалар әкімдері, бақылау – О.П. Крук |
2022 жыл |
қажет етілмейді |
Жылу желілерін трассировкалауды жүйелендіру |
|
66. |
Ауылдық сумен жабдықтауды субсидиялау бойынша тетік әзірлеу |
Алгоритм |
ЭТҮКШБ, қалалар мен аудандар әкімдері, бақылау – О.П. Крук |
2022 |
ЖБ |
Түпкілікті тұтынушылар үшін қаржылық жүктемені 50%-ға төмендету |
|
67. |
Ақсу қаласында жаңа қазандық қызметтеріне тарифті төмендету бойынша тетік әзірлеу |
ТМРКД бұйрығы |
ЭТҮКШБ, Ақсу қаласының әкімі, бақылау – О.П. Крук |
2022 |
ЖБ |
Жылу энергиясына тарифті төмендету |
|
68. |
Облыс қалаларындағы аулаларды абаттандыру |
Облыс әкіміне ақпарат |
ЭТҮКШБ, қалалар әкімдері, бақылау – О.П. Крук |
2022 жылғы желтоқсан |
ЖБ |
200 ауланы абаттандыру |
|
69. |
Елді мекендерді көгалдандыру (60 мың ағаш) және облыстың орман қорында көшеттер отырғызу (2068,4 мың көшет) |
Облыс әкіміне ақпарат |
ЭТҮКШБ, ЖҚПҚОСРБ, қалалар әкімдері, бақылау – О.П. Крук |
2022 жылғы желтоқсан |
|
2128,4 мың жасыл көшет отырғызу |
|
70. |
Павлодар қаласының жылумен жабдықтау проблемаларын шешу (Естай к-сі, ак. Марғұлан к-сінің бойындағы жылу желілерін, Т3 және Т5 құбыр жолдарын салу және қайта жаңарту) |
Облыс әкіміне ақпарат |
ЭТҮКШБ, Павлодар қаласының әкімі, бақылау – |
2022 жыл |
РБ, ЖБ, жеке инвестиция-лар |
Жылу желілерінің тозуын төмендету |
|
71. |
Ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау |
Орындалған жұмыстар актісі |
ЭТҮКШБ, қалалар мен аудандар әкімдері, бақылау – О.П. Крук |
2022-2023 жылдар |
РБ, ЖБ |
38 ауылды сумен жабдықтау |
|
72. |
Нөсер кәрізін салу |
Орындалған жұмыстар актісі |
ЭТҮКШБ, Павлодар қаласының әкімі, бақылау – О.П. Крук |
2022-2023 |
ЖБ |
Жол төсемінің тозуын төмендету |
|
73. |
Облыстық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының 40 шақырымын орташа жөндеу |
Пайдалануға енгізу актісі |
ЖКАЖБ, қалалар мен аудандар әкімдері, бақылау – О.П. Крук |
2022 |
РБ, ЖБ |
Нормативтік жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесін ұлғайту |
|
74. |
Облыс орталығының қалішілік жолдарын жаңғырту бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру |
Пайдалануға енгізу актісі |
ЖКАЖБ, Павлодар қаласының әкімі, бақылау – |
2022-2024 |
РБ, ЖБ |
Халықтың ЖАО жұмыс сапасымен қанағаттану деңгейін арттыру |
|
75. |
Шақа-Аққулы ауданішілік бағдарын және Аққулы-Павлодар ауданаралық бағдарын жаңарту |
Тасымалдаушылармен шарт жасасу |
ЖКАЖБ, Аққулы ауданының әкімі, бақылау – О.П. Крук |
2022 жылғы мамыр |
қажет етілмейді |
АЕМ жолаушылар тасымалымен қамту |
|
76. |
Павлодар қаласында «Жастар» ықшамауданының құрылғысы бойынша тұжырымдама әзірлеу
|
Облыс әкіміне ақпарат
|
ҚБ, Павлодар қаласының әкімі, бақылау – О.П. Крук |
2022 жылғы 4-тоқсан |
Қарастырылуда |
«Жастар» ықшамауданының құрылғысы бойынша тұжырымдама |
|
77. 1 |
Облыс аумағында өртке қарсы қамтамасыз ету (50 пост жұмыс істейді)
|
Әкімдіктердің қаулысы |
ЖДАҚБ, Екібастұз қаласының, Баянауыл ауданының әкімдері, бақылау – О.П. Крук |
2022 жылғы қараша
|
ЖБ
|
2 өрт сөндіру постын құру (өрт сөндіру посттарының қажетті санынан 84%) |
|
78. |
Өртке қарсы сумен жабдықтау, өрт сөндіру гидранттарын (бұдан әрі - ӨГ) орнату, салу, жөндеу 12 іс-шара: 4 – ӨГ жөндеу, 5 – ӨГ орнату, 3 – су құбырын салу |
Орындалған жұмыстар актісі
|
ЖДАҚБ, Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларының, Тереңкөл, Павлодар аудандарының әкімдері, бақылау – О.П. Крук |
2022 жылғы желтоқсан |
ЖБ
|
Бар ӨГ 85% жұмыс істеуі |
|
79. |
Интернет желісіне кең жолақты қолжеткізуге қосылу: - Баянауыл ауданының 3 АЕМ FWA технологиясы бойынша (интернет жоқ)
- Май ауданының 1 АЕМ 3/4G технологиясы бойынша |
Орындалған жұмыстар актісі |
ЦТБ, бақылау – О.П. Крук
|
2022 – 2024 жылдар |
Жеке инвестиция-лар |
Интернет - Ақмектеп ауылында, Ақши ауылында, Мұрынтал ауылында
- Ақшиман ауылы |
|
80. |
Әлеуметтік маңызы бар ауданішілік автомобиль қатынастарын субсидиялау бойынша ұсыныс |
Облыс әкіміне ұсыныс |
ЖКАЖБ, қалалар мен аудандар әкімдері, бақылау – О.П. Крук
|
2022 жылғы желтоқсан |
ЖБ |
Автомобиль жолаушылар тасымалымен қамтылған АЕМ үлесі - 93,1% |
|
81. |
Қалалық маршруттарға жұмылдырылған автобустарды жаңарту |
Қалалық автобус паркін жаңарту |
ЖКАЖБ, қалалар әкімдері, бақылау – О.П. Крук |
2022 жыл |
Жеке инвестиция-лар |
Кем дегенде 100 автобус |
|
82. |
Авиамаршруттар санын және қысқалығын ұлғайту |
Облыс әкіміне ақпарат |
ЖКАЖБ, бақылау – О.П. Крук
|
2022 жылғы наурыз-мамыр |
қажет етілмейді |
ҚР басқа өңірлерімен авиақатынастар |
|
83. |
Шалғайдағы ауылдық жердің тұрғындары үшін медициналық ұйымдардың базасында дәріхана пункттарын құру |
Дәріхана пункттары |
ДСБ, қалалар мен аудандар әкімдері, бақылау – А.А. Құрманова |
2022 жыл |
қажет етілмейді |
Шалғайдағы ауылдық жердің тұрғындары үшін дәрілік заттар мен медициналық құралдардың қолжетімділігін қамтамасыз ету |
|
84. |
Жалға алушыларды көрсетумен әрбір ауылдық округтің жер учаскелерінің картасын әзірлеу |
Жер учаскелерінің картасы |
ЖҚБ, қалалар мен аудандар әкімдері, бақылау – М.О. Өтешов |
2022 жыл |
қажет етілмейді |
БАҚ-та және әлеуметтік желілерде орналастыру |
|
IX. ХАЛЫҚПЕН АШЫҚ ДИАЛОГ |
||||||
|
85. |
Аудан әкімдерін, оның орынбасарларын, бөлімдердің басшыларын тікелей ауылдық округтердегі вацап-топтардың және басқа мессенджерлердің чаттарында тіркеу |
Облыс әкіміне ақпарат |
АҚДБ, қалалар мен аудандар әкімдері, бақылау – Н.Ш. Дүйсенбинов |
тұрақты түрде |
қажет етілмейді |
Проблемаларды мониторингілеу |
|
86. |
Азаматтардың санаттарымен діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және радикалға қарсы иммунитет алу бойынша ақпараттық-алдын алу іс-шаралары: - оқушылар мен студенттер (175); - жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, ұйымдаспаған жастар (50); - кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің қызметкерлері, АЕМ тұрғындары (225) |
Кездесулер, әңгімелесулер, дәрістер, онлайн-конференция |
ДІБ, қалалар мен аудандар әкімдері, бақылау – А.А. Құрманова |
тұрақты түрде |
ЖБ |
Жалпы қамту – 30,0 мың адам |
|
87. |
Басқарма басшыларының, қалалар мен аудандар әкімдерінің брифингтерін өткізуді ұйымдастыру |
Облыс әкіміне ақпарат |
Облыс әкімінің баспасөз қызметі, басқармалардың басшылары, қалалар мен аудандар әкімдері, бақылау – Н.Ш. Дүйсенбинов |
тұрақты түрде |
ЖБ |
Халықты хабардар ету |
|
88. |
Жағымсыз жариялауларды жедел хабарлау және ақпараттық әрекет ету бойынша өзара іс-қимыл алгоритмін әзірлеу |
Облыс әкіміне ақпарат |
АҚДБ, облыс әкімінің баспасөз қызметі, басқармалардың басшылары, қалалар мен аудандар әкімдері, бақылау – Н.Ш. Дүйсенбинов |
2022 жылғы 1-тоқсан |
қажет етілмейді |
БАҚ-тағы жағымды және жағымсыз ескертулердің арақатынасы – 5:1 |
|
89. |
Облыс халқының көшелер мен елді мекендерді қайта атау барысына қатысу тетігін жүйелендіру (әрбір тұрғынды ертерек СМС хабарламалар арқылы, сондай-ақ WhatsApp мсссенджерлерде алдағы қайта атаулар туралы хабардар ету) |
Облыс әкіміне ақпарат |
МТДАІБ, басқармалардың басшылары, қалалар мен аудандар әкімдері, бақылау – А.А. Құрманова |
2022 жыл |
қажет етілмейді |
Халықтың пікірін ескеру |
|
90. |
Кейіннен халыққа қолжетімді барлық көздерде орналастырумен Мүмкіндіктер картасын (халықты жұмыспен қамту мәртебесі бойынша) әзірлеу: Зейнеткерлер – 120 мың адам Студенттер – 32,9 мың адам Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық – 59,8 мың адам Жұмыссыздар – 19,6 мың адам Кәсіпкерлер – 53,4 мың бірлік |
Мүмкіндіктер картасы |
АҚДБ, басқармалардың басшылары, қалалар мен аудандар әкімдері, бақылау – құзыреті бойынша облыс әкімінің орынбасарлары |
2022 жылғы наурыз |
қажет етілмейді |
Кем дегенде 285 мың адамның хабардар болуы |
|
91. |
Өңір тұрғындарының арасында ресми аккаунттар (facebook, Instagram) және бюджеттік ұйымдардың сайттары арқылы «өзекті» мәселелер бойынша экспресс-сұрау тетігін әзірлеу |
3 мәселеден және өткен сұрау қорытындыларынан әр он күндік сұрауы |
Облыс әкімінің аппараты, басқармалардың басшылары, қалалар мен аудандар әкімдері, бақылау – Н.Ш. Дүйсенбинов |
2022 жылғы 1-тоқсан |
Қажет етілмейді |
Халықтың пікірін талдау |
|
92. |
Халықтан мәселелерді кейіннен талдаумен және ең өзекті мәселелер бойынша шаралар қабылдаумен жинау тетігін (мысалға, бірыңғай call-орталықтардың және әлеуметтік желілердің базасында) іске қосу. Бұл ретте, бұрын жоспарланған мерзімдерде шешілмеген мәселелерді айту және халықты орындалмау себептерін түсіндірумен ашық хабардар ету қажет. |
Облыс әкіміне ақпарат |
Облыс әкімінің аппараты, басқармалардың басшылары, қалалар мен аудандар әкімдері, бақылау – Н.Ш. Дүйсенбинов |
1-тоқсан |
қажет етілмейді |
Халықтың пікірін талдау |
|
93. |
Мемлекеттік органдар басшыларының халықпен кездесуін ұйымдастыру, ол сөз сөйлеушілер үшін уақытты регламенттеумен «сұрақ-жауап» еркін форматында өтуі тиіс |
Облыс әкіміне ақпарат |
АҚДБ, басқармалардың басшылары, қалалар мен аудандар әкімдері, бақылау – Н.Ш. Дүйсенбинов |
тұрақты түрде |
қажет етілмейді |
Тұрғындарда өзінің қарсылығын айтуға және проблемаларын көрсетуге мүмкіндігі болуы тиіс |
|
94. |
Барлық деңгейдегі әкімдердің және басқармалар басшыларының барлық ниет білдірушілерді тыңдаумен жеке қабылдаудың тұрақты тәжірибесін енгізу |
Облыс әкіміне ақпарат |
ОӘА ұйымдастырушылық бөлімі, қалалар мен аудандар әкімдері, бақылау – Н.Ш. Дүйсенбинов |
тоқсан сайын |
қажет етілмейді |
Халықтың пікірін талдау |
|
X. ҚОСЫМША РЕЗЕРВТЕРДІ АРТТЫРУ БОЙЫНША БАСТАМАЛАР |
||||||
|
95. |
Еңбек қатынастарын заңдастыру және ең аз жалақы деңгейін сақтау бойынша аумақтық Комиссиялар құру (салалық кәсіподақтар өкілдерінің қатысуымен) |
Жұмыс берушілермен кездесулер |
ЕБ, ЖҚҮӘББ, қалалар мен аудандар әкімдері, бақылау – Д.Ш. Шаймұратова |
тұрақты түрде |
қажет етілмейді |
ВӨЖТ ұсынымдарының және бағыттарының кем дегенде 70% іске асыру |
|
96. |
Қосымша салық түсімдерінің резервтерін іздестіру бойынша өңірлік іс-шаралар жоспарын бекіту |
Өңірлік жоспар |
ҚБ, ЭБЖБ, ББӘ, қалалар мен аудандар әкімдері, МКД (келісім бойынша), бақылау – Д.Ш. Шаймұратова |
тұрақты түрде |
қажет етілмейді |
2021 жылғы деңгейге қарағанда 105% |
|
97. |
«CSI» ЖШС «Еакимат365» базасында «АЕМ халыққа объектілер мен қызметтердің бірдей қолжетімділігі бойынша қажеттілігін анықтау әдістемесі» пилоттық жобасын іске асыру |
«Белсенді» функционалды іске қосу |
ЭБЖБ, ЖКАЖБ, ЭТҮКШБ, МТДАІБ, ББ, ДШСБ, ЖҚБ, ДСБ, қалалар мен аудандар әкімдері, бақылау – Д.Ш. Шаймұратова |
2022 жыл |
ЖБ |
Деректерді жинау, шоғырландыру және одан әрі талдау барысын автоматтандыру |
Жоғарыда көрсетілген шараларды іске асыру келесі нысаналы индикаторларға толықтай қолжеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді:
|
Нысаналы индикаторлар |
2021 |
2022 |
|
Күнкөріс деңгейінен төмен кірістері бар халықтың үлесі, % |
3,8 |
3,7 |
|
Жұмыссыздық деңгейі, % |
4,8 |
4,8 |
|
Әрбір 10 000 халыққа құрылған жұмыс орындарының саны 100 бірлік |
- |
21 030 |
|
Қолданыстағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері санының өсуі, мың субъект |
46,7 |
47,7 |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
|
МКД |
- |
Павлодар облысы мемлекеттік кірістер департаменті |
|
ПД |
- |
Павлодар облысы полиция департаменті |
|
ҚАЖД |
- |
Павлодар облысы қылмыстық-атқару жүйесінің департаменті |
|
ЗТМО |
- |
«Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталық» РМҚК |
|
ЭБЖБ |
- |
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы |
|
ЖҚҮӘББ |
- |
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы |
|
ҚБ |
- |
Қаржы басқармасы |
|
ҚБ |
- |
Құрылыс басқармасы |
|
ЕБ |
- |
Еңбек басқармасы |
|
АШБ |
- |
Ауыл шаруашылығы басқармасы |
|
ЦТБ |
- |
Цифрлық технологиялар басқармасы |
|
КИИДБ |
- |
Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы |
|
МСБ |
- |
Мемлекеттік сатып алу басқармасы |
|
ББ |
- |
Білім беру басқармасы |
|
ДСБ |
- |
Денсаулық сақтау басқармасы |
|
ЖҚБ |
- |
Жер қатынастары басқармасы |
|
ЭТҮКШБ |
- |
Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы |
|
ЖКАЖБ |
- |
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы |
|
МТДАІБ |
- |
Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы |
|
ДШСБ |
- |
Дене шынықтыру және спорт басқармасы |
|
АҚДБ |
- |
Ақпарат және қоғамдық даму басқармасы |
|
ЖДАҚБ |
- |
Жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс басқармасы |
|
ДІБ |
- |
Дін істері басқармасы |
|
ӨКП |
- |
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының филиалы |