Аталған жоба аймақта 2014 жылдан бастап іске асырылып келеді. Аймақтағы колледждер сұранысқа ие мамандықтар бойынша кадрларды даярлайды.
Облыстағы 5 колледжде аталған жоба бойынша білім алушылар контингенті 110 адам білім алады.
Анықтама: «Ақпараттық технологиялар колледжі» ШЖҚ КМК - 27 адам, «Ertis» жоғары инновациялық-аграрлық колледжі» КМҚК - 25, «Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжі» ШЖҚ КМК - 29, «Жоғары түсті металлургия колледжі» ШЖҚ КМК - 22, «Павлодар монтаждау колледжі» ШЖҚ КМК – 7.
Студенттердің әлеуметтік жағдайын жақсарту бойынша оқу орындары
көп балалы отбасылардан шыққан студенттерге, жетім балаларға көмек көрсетіледі. Жобаның барлық қатысушылары жатақханамен қамтылған, онда барлық тұрмыстық жағдай жасалған. Интернеті бар өздік дайындалуға арналған, қажетті әдебиетпен қамтылған бөлмелер ұйымдастырылған. Жатақханаларда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған.
Тұрақты түрде колледж түлектерін жұмысқа орналастыру және қамту мониторингі жүргізіледі.
2021 жылы «Серпін» жобасы бойынша түлектер саны 132 адамды құрады.
2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмысқа орналастырылған түлектер 66%-ды құрайды (132 түлектің ішінде 87 адам жұмысқа орналастырылды).
Жыл бойы тұрақты негізде бос орындар жәрмеңкелері, «Еркін көшіп-қону», «Дипломмен – ауылға!» және «Жастар тәжірибесі» бағдарламаларына қатысу шарттарын түсіндіру бойынша мемлекеттік органдар өкілдерімен кездесулер өткізіледі.