Облыста 359 күндізгі жалпы білім беретін мектептер мен мектеп-интернаттар жұмыс істейді. 357 мектепте жалпы 103 мыңнан астам оқушының (91,5%) қамтылуымен ыстық тамақ ұйымдастырылды. 2 шағын жинақталған бастауыш мектепте тегін буфеттік тамақтану ұйымдастырылған.
355 мемлекеттік жалпы білім беретін мектептің 171-інде (48%) - оқушыларды тамақтандыруды жалға алушылар жүзеге асырады, 173 мектепте (49%) штаттық аспазшылар, 11 мектепте (3%) – мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі арқылы ұйымдастырылады.
Бүгінгі таңда мектептердегі оқушылардың жалпы контингентінен шамамен 57%-ы (59,5 мың) тегін ыстық тамақпен қамтылған.
Әлеуметтік осал отбасылардан шыққан 14 мыңнан астам оқушылар жаппай оқыту қорының қаражаты есебінен тамақтанады. Соңғы 5 жыл ішінде жаппай оқыту қорына аударымдар жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы ұстауға арналған шығыстар сомасының кемінде 3%-ын құрайды, бұл әлеуметтік осал отбасылардағы барлық оқушыларды (қажеттіліктен 100%) тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
2020 жылдан бастап мәслихаттың шешімі бойынша облыстық бюджет қаражаты есебінен 1-4 сынып оқушылары үшін тегін тамақтандыру ұйымдастырылды (43 мыңнан астам). 2021 жылы бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 1,1 млрд. теңге бөлінді.
Облыстың 2,5 мыңға жуық баласы демеушілер: жалға алушылар, ШҚ, ЖШС есебінен тегін тамақпен қамтамасыз етілген. Облыстың 2 ауданында (Аққулы ауданы және Май ауданы) 1-сыныптан 11-сыныпқа дейінгі барлық оқушылар (1,5 мыңға жуық бала) 100% тегін ыстық тамақпен қамтылған.
Асханалардың жай-күйін, тағамдарды дайындау сапасын күнделікті бақылауды барлық білім беру ұйымдарында құрылған мектеп бракераж комиссиялары жүзеге асырады. Комиссия құрамына ата-аналар қоғамының өкілдері барынша енгізілді. Комиссия мүшелері азық-түліктің сапасын тексереді, тағам дайындау сапасын бақылайды, барлық азық-түлікке тиісті құжаттарды қарайды.
Бракераж комиссияларының жұмысын жеңілдету мақсатында мектептердің 150 ас блогында бейнебақылау камералары орнатылды. 4 мектепте ата-аналар мектеп асханасында тамақтануды «Епит-асхана» мобильді қосымшасы арқылы көре алады.
Сондай-ақ, құрамына «Нұр Отан» партиясының мүшелері, ҮЕҰ, мәслихат депутаттары, ата-аналар қоғамдастығының, денсаулық сақтау және білім беру басқармасының өкілдері енген ведомствоаралық сараптамалық топ тамақтануды ұйымдастыру мониторингін жүргізеді. Осындай топтар әрбір білім беру бөлімінде жұмыс істейді (аудандық және қалалық - 13, облыстық - 1).
Оқу жылының басынан бастап ведомствоаралық сараптама тобы мектеп асханаларына 100-ден астам мониторинг жүргізді.
Мониторинг аясында бракераждық мектеп комиссиясының жұмысы, күнделікті және перспективті мәзірлердің, сапа сертификаттарының, шағымдар мен ұсыныстар кітаптарының, іске асыруға тыйым салынған өнімдер тізімдерінің болуына ерекше назар аударылады. Сондай-ақ, мектептердің сайттарында арнайы «Мектептегі тамақтандыру» бөлімі және «Тамақтану сапасын электронды бағалау» ақпараттық платформасын жүктеу нәтижелері зерделенуде.
Сондай-ақ, Ведомствоаралық сараптама топтары әлеуметтік желілердегі жағымсыз жарияланымдарға мониторинг жүргізеді (кішкене бөліктер, суық, дәмді емес тағам, бағаның өсуі, буфет өнімдері жаңартылмаған).
Мониторинг нәтижелері бойынша тамақ жеткізушілерге санитариялық талаптарға сәйкес тамақтану рационын жақсарту жөнінде ұсынымдар беріледі.
7 мектепте (17, 24, 27, 29, 36, 41, Мақпалеев орта мектебі) СанЕжН бұзушылықтарын анықтау бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарына хаттар жіберіледі.
Успен ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімі 10 мектепте (Новопокров ЖОМ, Қаратай ЖОМ, Богатырь ОМ, Ольгин орта мектебі, Павлов ОМ, Темирязев ОМ, Равнополь ОМ, Белоусовская орта мектебі, У. No2 орта мектебі, Ковалевская орта мектебі) жұмыс ерітіндісін (ДП2Т дезинфекциялық ерітіндінің концентрациясы) зертханалық зерттеу кезінде бұзушылық анықтаған. Аталған заң бұзушылықтар негізінде жеке тұлғаларға әкімшілік шара қолданылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.