«Павлодар облысының білім беру басқармасы» Тереңкөл ауданы, Песчан ауылы, Ломоносов көшесі, 7 құрылыс мекенжайы бойынша орналасқан Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының «№2 арнайы мектеп-интернаты» КММ басшысының бос лауазымына орналасуға (лауазымдық айлық ақысы еңбек өтіліне байланысты – 167 316-дан 202 939 теңгеге дейін) ашық конкурс жариялайды.
Орыс тілінде оқытатын мектеп-интернат. Бағыты – ақыл-ойында кемістіктері бар, психикалық дамуы тежелген жетім-балалар және ата-аналары құқығынан айырылған балаларды оқыту және тәрбиелеу. 1982 жылдан бастап жұмыс істейді, мектептің жобалық қуаты – 100 орын.
Лауазымдық міндеттер:
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес арнайы білім беру ұйымының жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады. Білім беру ұйымының даму жоспарын, оқу-тәрбие жұмысының жоспарын, оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын бекітеді. Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесті басқарады, Кеңестің ұсынымын ескере отырып, өз құзыреті шегінде жаза қолданады. Педагогтердің біліктілік санатын беру (растау) рәсімін ұйымдастырады. Білім алушылардың денсаулығын сақтау және нығайту мақсатында оларды тамақтандырумен (міндеттемелер аясында медициналық қызмет көрсетумен) қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты және бақылауды ұйымдастырады. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормалар шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен қаражатына билік етеді. Білім алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында арнайы жағдайлар жасайды. Әдістемелік жұмысты басқарады, құжаттаманың дұрыс жүргізілуіне, арнайы оқу және медициналық жабдықтармен, компьютерлік техникамен және әдістемелік материалмен жарақтандыруға жауап береді.
Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімдерін дамыту, өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық атмосфераны қалыптастыру бойынша шаралар қабылдайды. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген. Білім беру процесінің барлық субъектілерінің қатысуымен ұйымда «Құндылықтарға негізделген білім беру» тұжырымдамасын енгізеді. Білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді. Педагог кадрларды және көмекші персоналды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады. Педагогикалық кеңесті басқарады. Жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады. Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді. Ұйымның қызметі туралы, оның ішінде Қамқоршылық кеңес пен ата-аналар қоғамдастығының алдында қаржы және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады. Қызмет туралы қажетті есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: «Арнайы білім» бағыты бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат; педагогикалық жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, бұл ретте соңғы екі жыл үздіксіз педагогикалық өтілі, Арнайы білім беру ұйымы басшысының орынбасары лауазымындағы кемінде бір жыл өтілі; педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің не педагог-шебердің біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, педагогикалық өтілі кемінде бес жыл жоғары оқу орындары оқытушыларының қызметкерлерін, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлерін, біліктілікті арттыру жүйесін қоспағанда).
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңдарын және арнайы (түзету) білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілер; педагогика мен психология негіздері, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын;
арнайы педагогика, психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері; экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормаларды білуі тиіс.
Конкурс ҚР БҒМ 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен (2020 жылғы 21 мамырдағы толықтырулармен және өзгерістермен) бекітілген Мектепке дейінгі, орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық тағайындау және конкурстық тағайындау қағидалары (бұдан әрі -Қағида) негізінде өткізіледі. Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азаматтар конкурстық комиссияға келесі құжаттарды тапсырады:
1) белгіленген нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат;
3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) кадрларды есепке алу жеке парағы және фото;
6) қолданыстағы жазалаулары мен көтермелеулерін көрсете отырып, алдыңғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
7) қолданыстағы біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);
8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы «Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;
10) сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама;
11) тестілеуден өткені туралы құжат (болған жағдайда);
12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);
13) білім берудегі менеджмент бойынша жетпіс екі сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;
14) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.
3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері мөрімен растайды.
Конкурсқа қатысу үшін кандидат білім беруді басқару органының қарауына кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтау, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты ұсынады.
Конкурстық құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 7 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Конкурсқа қатысуға жіберілген кандидаттар белгіленген тәртіппен «Павлодар облысының білім беру басқармасы» мемлекеттік мекемесінде әңгімелесуден өтеді. Конкурсты өткізу күні жоғарыда көрсетілген қағидаларға сәйкес белгіленеді.
Конкурсқа қатысу үшін тиісті құжаттар мына мекенжайға ұсынылуы тиіс: 140000, Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32, Павлодар облысы білім беру басқармасының № 402 кабинеті немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы. Анықтама телефондары: 320560. Факс (87182) 325725, электронды поштаның мекенжайы: smagulova.zhuldyz@pavlodar.gov.kz.