Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының «Асыл Мирас психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бос лауазымына тағайындау бойынша ашық конкурс жариялайды

«Павлодар облысының білім беру басқармасы» ММ Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Павлов көшесі, 7 мекенжайы бойынша орналасқан Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының «Асыл Мирас психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бос лауазымына тағайындау бойынша ашық конкурс жариялайды (лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне байланысты – 158 458-ден 192 720 теңгеге дейін).

Қызметтің қысқаша сипаттамасы – эмоцияналды ерік-жігері мен мінез-құлқында бұзылыстары бар балалардың қоғам өміріне басқа азаматтармен қатар араласуына жағдай жасауға бағытталған және тіршілік әрекетіндегі шектеулерді болдырмау және де оны өтеу үшін жағдай жасау мәселелерін шешуді қамтамасыз ету болып табылады.

Лауазымдық міндеттер: Қолданыстағы заңнамаға сәйкес психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (бұдан әрі - ПМПК) және психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің (бұдан әрі - ППТК) жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады. Арнайы ұйымның түрін, оқыту және тәрбиелеу нысанын анықтау және тексеру нәтижелерін талқылау кезінде консультацияның алқалы жұмысын ұйымдастырады, әдістемелік жұмысты жүзеге асырады, құжаттамаларды жүргізуге, ПМПК, ППТК арнайы оқу және медициналық жабдықтармен, компьютерлік техникамен және әдістемелік материалдармен жарақтандыруға жауапты болады. Бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен, педагогтардың семинарларында, қайта даярлау курстарында немесе біліктілігін арттыру курстарында педагогтер арасында дефектологиялық білімді халық арасында тарату бойынша жұмысты ұйымдастырады. Білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарымен бірлесіп балалардың аномальды дамуының алдын алу мәселелері бойынша профилактикалық жұмысты ұйымдастырады. Балаларды тексерудің жоғары деңгейін, ПМПК және ППТК мамандарының сапалы жұмысын қамтамасыз етеді. Ұйымдастыруды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімін дамыту, өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық атмосфераны қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды. Оған бағынысты құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіреді. Барлық органдарда ПМПК және ППТК мүдделерін білдіреді. Қажетті есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді. "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде оқу процесінің барлық субъектілерінің қатысуымен енгізеді. Оқушылар, тәрбиеленушілер арасында академиялық адалдық қағидалалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.

Қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

"Арнайы педагогика" мамандығы бойынша жоғары, жоғары оқу орнынан кейін педагогикалық білім немесе қайта даярлаудан өткенін растайтын құжат; педагогикалық жұмыс өтілі соңғы 5 жылдан кем емес, оның ішінде педагогикалық өтілі соңғы 2 жылдан кем емес, арнайы білім беру ұйымы басшысының орынбасары лауазымындағы өтілі 1 жылдан кем емес;

Оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде-қосымша педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің санатының болуы.

Білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан- туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздерін, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Конкурс ҚР БҒМ 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі, орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық тағайындау және конкурстық тағайындау қағидалары (бұдан әрі – Қағида) мен ҚР БҒМ 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығымен бекітілген Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азаматтар конкурстық комиссияға келесі құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат;

3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

5) кадрларды есепке алу жеке парағы және фото;

6) қолданыстағы жазалаулары мен көтермелеулерін көрсете отырып, алдыңғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

7) қолданыстағы біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы «Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;

10) сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама;

11) тестілеуден өткені туралы құжат (болған жағдайда);

12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);

13) білім берудегі менеджмент бойынша жетпіс екі сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;

14) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.

3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері мөрімен растайды.

Конкурсқа қатысу үшін кандидат білім беруді басқару органының қарауына кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтау, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты ұсынады.

Конкурстық құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 7 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Конкурсқа қатысуға жіберілген кандидаттар белгіленген тәртіппен «Павлодар облысының білім беру басқармасы» мемлекеттік мекемесінде әңгімелесуден өтеді. Конкурсты өткізу күні жоғарыда көрсетілген қағидаларға сәйкес белгіленеді.

Конкурсқа қатысу үшін тиісті құжаттар мына мекенжайға ұсынылуы тиіс: 140000, Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32, № 402 кабинет. Анықтама телефондары: 320560. Факс (87182) 325725, электронды поштаның мекенжайы: smagulova.zhuldyz@pavlodar.gov.kz

 

 

 

Дата публикации
06 сентября 2021