«Павлодар облысының білім беру басқармасы» ММ Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, 134 мекенжайы бойынша орналасқан Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының «Technikum-Арт орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бос лауазымына тағайындау бойынша ашық конкурс жариялайды (лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне байланысты – 167 316-дан 202 940 теңгеге дейін).
Қызметтің қысқаша сипаттамасы – балалардың жеке дамуына, денсаулығын нығайтуға, кәсіби өзін-өзі анықтауға, шығармашылық еңбегіне, олардың қабілеттерін іске асыруға қажетті жағдайларды қамтамасыз ету, балаларды қоғамдағы өмірге бейімдеу болып табылады.
Лауазымдық міндеттер: Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру ұйымдарын ұйымның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мәдени-демалыс қызметі, дене шынықтыру және спортты дамыту саласындағ әлеуметтік, қосымша білім беретін коммуникативті қызметтерді көрсету бойынша құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және өзара әрекетін ұйымдастырады. Басқарудың заманауи әдістері негізінде жұмысты болжайды және жоспарлайды. Шағын аудандарды дамытудың әлеуметтік-педагогикалық бағдарламаларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады. Білім беру сапасын бақылауды жүзеге асырады, білім беру процесі кезінде ұйымның білім алушыларының мен қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығына қажетті жағдай жасайды. Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады. Білім беру және тәрбиелеу мәселелері бойынша алыс және жақын шетелдер балаларына арналған қосымша білім беру ұйымымен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту бойынша шараларды жүзеге асырады, заманауи ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланады және дамытады. Басқару құрылымын анықтайды, білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру ұйымының қаржы-шаруашылық қызметін басқаруды жүзеге асырады. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады. Педагогтардың жұмысын үйлестіреді, қамқоршылық кеңес пен қоғамдық ұйымдардың, оның ішінде балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді. Оқу-материалдық базаны сақтауды және толықтыруды, санитарлық-гигиеналық режим, еңбекті сақтау және техника қауіпсіздігі қағидаларын сақтауды қамтамасыз етеді. Педагогикалық кадрлар мен қосалқы персоналдарды іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды. Жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің ата-аналарымен (оларды алмастыратын тұлғалармен) жұмысты үйлестіреді. Есептілікті дайындауды және қажетті ұсынуды қамтамасыз етеді. Барлық органдарда ұйымның мүддесін қорғайды және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметтерді жүзеге асырады.
Қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейін педагогикалық білім, немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім, немесе қайта даярлау туралы құжат; сондай-ақ білім беру ұйымдарында педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес, оның ішінде педагогикалық еңбек өтілі сонғы 2 жыл, білім беру ұйымы басшысының орынбасары лауазымындағы еңбек өтілі 1 жылдан кем емес;
Оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде-қосымша педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог - шебердің біліктілік санатының болуы.
Білуге міндетті:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын, балаларға қосымша білім беру ұйымының жұмыс бейіні және оның ерекшеліктері, педагогика және психология, экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормалары, санитарлық ережелер мен нормалар.
Конкурс ҚР БҒМ 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі, орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық тағайындау және конкурстық тағайындау қағидалары (бұдан әрі – Қағида) мен ҚР БҒМ 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығымен бекітілген Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азаматтар конкурстық комиссияға келесі құжаттарды тапсырады:
1) белгіленген нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат;
3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) кадрларды есепке алу жеке парағы және фото;
6) қолданыстағы жазалаулары мен көтермелеулерін көрсете отырып, алдыңғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
7) қолданыстағы біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);
8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы «Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;
10) сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама;
11) тестілеуден өткені туралы құжат (болған жағдайда);
12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);
13) білім берудегі менеджмент бойынша жетпіс екі сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;
14) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.
3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері мөрімен растайды.
Конкурсқа қатысу үшін кандидат білім беруді басқару органының қарауына кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтау, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты ұсынады.
Конкурстық құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 7 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Конкурсқа қатысуға жіберілген кандидаттар белгіленген тәртіппен «Павлодар облысының білім беру басқармасы» мемлекеттік мекемесінде әңгімелесуден өтеді. Конкурсты өткізу күні жоғарыда көрсетілген қағидаларға сәйкес белгіленеді.
Конкурсқа қатысу үшін тиісті құжаттар мына мекенжайға ұсынылуы тиіс: 140000, Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32, № 402 кабинет. Анықтама телефондары: 320560. Факс (87182) 325725, электронды поштаның мекенжайы: smagulova.zhuldyz@pavlodar.gov.kz