«Павлодар облысының білім беру басқармасы» ММ 2021 жылғы 28 шілдеде «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс комиссиясының (жалпы конкурс) қорытынды отырысы өтті.
Комиссия қорытындысы бойынша келесі ұсыну шешімдерін қабылдады:
- мемлекеттік сатып алу және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы (санаты D-O-4, лауазым индексі № ОГЗИПО-6) бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға Кундыз Ерболовна Мусабаеваның кандидатурасын ұсыну шешімі қабылданды;
- балалардың құқығын қорғау және инклюзивтік білім беру бөлімінің бас маманы (санаты D-O-4, лауазым индексі № ОИО-4) бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға Салтанат Баймырзаевна Рахметованың кандидатурасын ұсыну шешімі қабылданды;
- техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің бас маманы (санаты D-O-4, лауазым индексі № ОТИПО-2, уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне 15.12.2022 ж. дейін) бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға Шынболат Абаевич Ташековтың кандидатурасын ұсыну шешімі қабылданды;
- техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің бас маманы (санаты D-O-4, лауазым индексі № ОТИПО-4) бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға Дархан Серикулы Каржаубайдың кандидатурасын ұсыну шешімі қабылданды.