Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 6-бабы
2-тармағының 8-3) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2021-2022 оқу жылына арналған қоса беріліп отырған техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
- «Павлодар облысының білім беру басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулының Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары
А.А. Құрмановаға жүктелсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Ә. Сқақов