«Павлодар облысының білім беру басқармасы» ММ Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау үшін, Павлодар қаласы бойынша оқушы орындарының тапшылығын қысқарту және үш ауысымды мектептерді жою мақсатында мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі арқылы инвестицияларды тарта отырып, Павлодар қаласының «Достық» шағын ауданында 2000 орындық жалпы білім беретін мектептің құрылысын салу және пайдалануға беру жобасын іске асыру көзделген.
Жоба аясында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу арқылы Павлодар қаласында 2000 орындық жалпы білім беретін мектептің құрылысын салу және пайдалануға беру жоспарланған.
Кәсіпкерлік субъектілерін МЖӘ жобасын жоспарлауға тарту және жоспарлау процесінің ашықтығын арттыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының 12-тармағына сәйкес Павлодар облысының білім беру басқармасы мүддені білдірудің аталған сауалын жариялайды.
Қызығушылық танытқан жағдайда келесі ақпарат ұсынуыңызды сұраймыз:
* компания туралы мәліметтер (атауы, құрылған күні, меншік нысаны, негізгі қызмет түрі, жұмыс тәжірибесі);
* Т.А.Ә. мен лауазымын көрсете отырып, жобалық топқа қосу үшін кандидатуралар бойынша.
Ұсыныстар мүдделерді білдіруге арналған сауал жарияланған сәттен бастап бір ай ішінде мына мекенжай бойынша қабылданады:
Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32, электрондық пошта: goman.ekaterina@pavlodar.gov.kz, тел: (7182) 32-01-61