Әлеуетті жеке әріптестерге арналған ақпарат

1) Сұрақ: МЖӘ жобаларына қатысу үшін кәсіпкерде міндетті түрде ЖШС немесе ЖК болуы тиіс пе?

 

Жауап: Кәсіпкер МЖӘ жобаларына әртүрлі нысандарда – жеке кәсіпкер, заңды тұлға (оның ішінде, ЖШС), қарапайым серіктестік, сондай-ақ консорциум (яғни кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін бірнеше кәсіпорындардың, ұйымдардың уақытша нысаны) қатыса алады.

 

2) Сұрақ:  МЖӘ келісім-шартын неше жылға жасауға болады?

 

Жауап: МЖӘ жобалары орта мерзімді және ұзақ мерзімді болады.

Келісім-шарттар 3 жылдан 30 жылға дейінгі мерзімге жасалады, бұл МЖӘ жобасының ерекшеліктеріне байланысты.

 

3) Сұрақ: Кәсіпкер мемлекеттік сатып алуға қатысты және жосықсыз өнім берушілер тізіліміне енгізілді. Ол МЖӘ жобаларына қатыса ала ма?

 

Жауап: Жоқ, бұл мүмкін емес. Сондай-ақ, егер әлеуетті жеке меншік әріптестің атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері болса және атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізсе, онда оның да конкурсқа/тікелей келіссөздерге қатысуға құқығы жоқ.

 

4) Сұрақ: Егер кәсіпкер мектеп құрылысының МЖӘ жобасына қатысқысы келсе, оның мемлекеттен қандай кепілдіктері болуы мүмкін?

 

Жауап: Бұл жағдайда мемлекеттік қолдау шарасы:

1) жекешелік әріптестің инвестициялық шығындарын өтеу (ИШӨ)

 ИШӨ объектіні пайдалануға бергеннен кейін кемінде 5 жыл мерзімге тең үлестермен төленетін болады, бұл ретте ИШӨ төлеу мерзімдерін ерте кезеңдерге ауыстыруға жол берілмейді;

2) операциялық шығындардың өтемақысы (ОШӨ)

МЖӘ объектісін одан әрі пайдаланған жағдайда жекешелік әріптеске ОШӨ төленеді – объектіні пайдалану жөніндегі шығыстарды өтеу;

3) қолжетімділік үшін төлем (ҚҮТ)

ҚҮТ – бұл МЖӘ объектісінің пайдалану және сапалық сипаттамаларын, осы объектінің тұтынушыларға қолжетімділігін қамтамасыз ету төлемдері.

 

5) Сұрақ: МЖӘ жобасын іске асыруға кәсіпкер қандай қаражатпен қатысуы тиіс, норматив бар ма?

 

Жауап: Жекешелік әріптестің меншікті ақша қаражатының қатысуы МЖӘ объектісі құнының кемінде 10%-ын құрауы тиіс. Сондай-ақ, жобалар жекешелік әріптестің ИШӨ түріндегі ақшалай түсімдер бойынша талап ету құқығын кепілге қойып қарыз қаржыландыруды тарту есебінен іске асырылады;

 

6) Сұрақ: МЖӘ жобалары бойынша конкурсқа қатысу үшін жұмыс тәжірибесі бойынша шектеулер бар ма?

 

 Жауап: Шектеулер жоқ. Бірақ үздік конкурстық өтінімді іріктеу кезінде бірқатар өлшемшарттар, оның ішінде МЖӘ келісім-шартының объектісіне ұқсас іске асырылған жобалардың тәжірибесі (объектілерді салу, құру, қалпына келтіру, жаңғырту және (немесе) пайдалану тәжірибесінің болуы (дербес не қатысушы ретінде өзге тұлғалармен бірлесіп) ескеріледі.

 

7) Сұрақ: МЖӘ жобалары әрқашан конкурс шарттарында іске асырыла ма?

 

Жауап: Жобалар екі тәсілмен – конкурс арқылы және тікелей келіссөздер жолымен (яғни, конкурстық рәсімдерді өткізбей) іске асырылады.

Тікелей келіссөздер 2 жағдайда қолданылады:

- әлеуетті жекешелік әріптес объектіге қатысты бастамашылық жасаған МЖӘ жобасы оның меншік құқығында немесе ұзақ мерзімді жалдауында болады; 

- МЖӘ жобасы әлеуетті жекешелік әріптеске тиесілі зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелеріне айрықша құқықтарды іске асырумен байланысты.

Алайда, жоспарланған МЖӘ жобасы аясында балама ұсыныстар келіп түскен жағдайда жекешелік әріптес конкурс тәсілімен айқындалады.

 

8) Сұрақ: Мектепті, балабақшаны сенімгерлік басқаруға алуға бола ма? Мемлекет тарапынан қандай төлемдер төленеді?

 

Жауап: Мемлекеттік мүлікті тапсыру ережелеріне сәйкес, келесі нысандар сенімді басқаруға беріледі:

- Мемлекеттік кәсіпорындардың мүліктік кешені, бағалы қағаздар, жарғылық капиталға қатысу үлестері, жылжымайтын мүлік, мемлекетке тиесілі ақша, сондай-ақ өзге де мемлекеттік мүлік;

Мемлекеттік мекеме – мектепті сенімгерлік басқаруға беру тек жылжымайтын мүлік (ғимарат) бөлігінде ғана мүмкін болады; балабақша бойынша – кәсіпорынның мүліктік кешені.

Мүлікті сенімгерлік басқару кезінде жүргізілген шығыстарды өтеу: кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берілген объектілер бойынша сенім білдірілген мүлікті пайдаланудан түскен кірістер есебінен немесе тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшісінің Ағымдағы бюджеттік бағдарламасы бойынша бюджетте көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылады.

 

9) Сұрақ: Мектеп немесе студенттерге арналған жатақхана салу бойынша МЖӘ жобасына қатысатын кәсіпкер осы объектілердің меншік иесі болып қала ма?

 

 Жауап: Егер кәсіпкер (жекешелік әріптес) мектептерді, жатақханаларды салу бойынша МЖӘ жобасын іске асыру кезінде инвестициялық шығындарды өтеу (ИШӨ) жүзеге асырылса, онда объект пайдалануға беру актісінен кейін мемлекеттік меншікке беріледі.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта ҚР БҒМ Қаржы орталығы мектептер, жатақхана салуды жоспарлап отыр, жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды қолдана отырып – 8 жыл ішінде 1 оқушыға 96 АЕК-тің күрделі шығындарын өтеуді жүзеге асыру. Бұл ретте, объект жекешелік әріптестің меншігінде (нысаналы мақсаты бойынша пайдалана отырып, ауыртпалықсыз) 20 жыл қалады. Республикалық бюджеттен инвестициялық шығындарды өтеуден басқа, жекешелік әріптес мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға үміткер бола алады.

 

10) Сұрақ: Бірнеше МЖӘ жобаларына қатысу бойынша Бизнестің шектеулері бар ма?

 

Жауап: Шектеулер жоқ.

Дата публикации
24 декабря 2020