Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын жергілікті атқарушы органдармен орналастыруына конкурс өткізу туралы хабарландыру
Конкурстың мәні:
2026-2027 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы топтар бөлінісінде 61 грант бөлінді, сонымен қатар бакалавриат бағдарламасы бойынша «Педагогикалық ғылымдар» (6В01) – 20 грант, «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» (6В02) - 5 грант, резидентура бағдарламалары бойынша «Денсаулықты сақтау» (7R10) - 36 грант.
Конкурсты ұйымдастырушы:
Павлодар облысының әкімдігі
Павлодар облысының білім беру басқармасы
Пошталық мекенжайы: 140000, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32, 400-кабинет
Байланыс телефондары: 8 (747) 3788167, 8 (705) 3867529.
Конкурс туралы ақпарат:
Конкурс Павлодар облысы әкімінің 2026 жылғы 2 маусымдағы «Павлодар облысы әкімінің 2018 жылғы 20 шілдедегі «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында комиссия құру және конкурс өткізу туралы» №165-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы» № 119-ө өкіміне сәйкес өткізіледі.
Конкурсқа әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында институционалды және мамандандандырылған аккредиттеуден өткен Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) қатыса алады.
Конкурс ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығымен бекітілген Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларына сәйкес өткізіледі.
Конкурсқа қатысушы дайындаған конкурстық өтінім мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылады.
Конкурстық өтінімде мынадай құжаттар болуы керек:
Осы қосымшалар электрондық нысанда baidalina.galya@pavlodar.gov.kz и Gal.kz1973@bk.ru электрондық мекенжайларына ұсынылады.
Конкурстық өтінім конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген сағат пен күннен кешіктірілмей жіберіледі. Кешігу себептеріне қарамастан, конкурстық өтінімдерді беру мерзімі өткеннен кейін келіп түскен конкурстық өтінім қаралмайды. Конкурстық өтінімдерді беру мерзімі өткеннен кейін оларға қандай да бір өзгерістер енгізуге жол берілмейді. ЖАО комиссиясы Қағиданың 19 және 20-тармақтарында көрсетілген негізгі өлшемшарттарды басшылыққа алатынын еске саламыз.
Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар нөмірленеді, ЖЖОКБҰ бірінші басшысының қолы қойылып, мөрмен расталады және электрондық форматта ұсынылады.
Конкурстық өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 24 шілде сағат 09.00-ден 29 шілде сағат 18.00-ге дейін.