Хабарландыру «Үздік білім беру ұйымы - 2026» Павлодар облысы әкімінің грантын беру конкурсын өткізу туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ

«Үздік білім беру ұйымы - 2026» Павлодар облысы әкімінің грантын беру конкурсын өткізу туралы

 

Құрметті әріптестер!

 «Үздік білім беру ұйымы-2026» конкурсын өткізу жоспарына сәйкес, бұл сайысқа балабақшалар, мектептер, колледждер және қосымша білім беру мекемелері қатыса алатынын хабарлаймыз.

Конкурстың мақсаты - тиімді педагогикалық және басқарушылық тәжірибені анықтау, жинақтау және тарату, білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшыларының кәсіби және тұлғалық өсуін ынталандыру, сондай-ақ білім беру жүйесінің даму тенденцияларын анықтау.

Өтінімдерді қабылдау: 2026 жылғы 17 шілде мен 22 шілде аралығында.

Бағалау және қорытынды жасау: 2026 жылғы 24 шілде.

Конкурсқа қатысу үшін білім беру ұйымдары құжаттарын конкурс комиссиясының citdopvl@yandex.kz электрондық поштасына және Білім беру басқармасына мына мекенжай бойынша тапсырады: Павлодар қ., Қайырбаев көшесі, 32. (Құжаттарды тапсыру бөлмелері: қосымша білім беру ұйымдары — 428-кабинет; мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдары — 432-кабинет; техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары — 424-кабинет). Хаттың тақырыбында мынадай белгілер көрсетілуі тиіс: «Үздік мектепке дейінгі ұйым», «Үздік орта білім беру ұйымы», «Үздік қосымша білім беру ұйымы», «Үздік техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы» конкурсына құжаттар.

Төмендегі құжаттар қоса беріледі:

         1) Конкурсқа қатысуға өтінім;

         2) Осы Қағидалардың № 1, № 2, № 3, № 4 қосымшаларында көрсетілген критерийлерге сәйкес тиісті құжаттар.

Барлық сұрақтар бойынша мына телефон нөмірлеріне хабарласуға болады:

- тәрбие жұмысы және қосымша білім беру бөлімі: 32-38-67, 32-31-51

- мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімі: 32-14-91, 32-18-21

- техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі: 32-19-40.

 

Құрметпен, конкурс ұйымдастырушысы — Білім беру басқармасы!

Дата публикации
13 июля 2026