«Павлодар облысының білім беру басқармасы» ММ 2026 жылғы 1-тоқсандағы мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қызметінің есебіне аналитикалық анықтама

2026 жылғы 1 тоқсанда Павлодар облысының білім беру басқармасы мен ведомствоға бағынысты ұйымдар барлығы 17715 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде көрсетілетін қызметті берушілер (мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз нысанда көрсеткен - 451, көрсетілетін қызметті берушілер «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілуі мүмкін мемлекеттік қызметті қағаз нысанда баламалы негізде көрсеткен, және (немесе) мемлекеттік корпорация – 309, көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз электрондық түрде көрсетілген  (www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталын қоспағанда) - 15933.  

Көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және ақпараттық жүйеге өтінімді қолмен енгізу жолымен көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген (www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталын қоспағанда) -1292.

Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтер саны – 126, «электрондық үкімет» веб-порталы - 1038.  

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2026 жылғы 1-тоқсанда 2025 адамды қамтыған 19 түсіндіру іс – шарасы өткізілді.

2026 жылғы 1-тоқсанда мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.

Бекітілген бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес 1 тоқсанда 6 іс-шара өткізілді. Нәтижесінде бұзушылықтар тіркелмеген.

Дата публикации
29 мая 2026