Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізімі
I. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту (6)
1. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына (6 жасқа дейін) кезекке қою.
2. Мектепке дейінгі ұйымдарға жолдамалар беру.
3. Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау.
4. Мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысын орындауға субсидиялар беру.
5. Мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру (ББ).
6. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға білім беру қызметін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ұсыну (ББ).
II. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру (12)
1. Жалпы білім беретін бағдарламалар бойынша оқыту үшін білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау (1-сынып).
2. Жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің және гимназиялардың мектеп алды сыныбына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау (білім беру ұйымдары).
3. Білім алушыларды жалпы білім беретін ұйымдар (мектептер) арасында ауыстыру.
4. Денсаулық жағдайы бойынша мектепке бара алмайтын балаларды үйде тегін жеке оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау.
5. Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың (аттестаттардың) телнұсқаларын беру.
6. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалу үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру.
7. Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылардың жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікті тамақтандыруды ұсыну.
8. Ауылдық жерде тұратын балаларды мектепке дейін және кейін қарай тегін тасымалдауды ұйымдастыру.
9. Негізгі орта, жалпы орта білім беруді аяқтамаған адамдарға анықтамалар беру.
10. Негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқу үшін құжаттарды қабылдау.
11. Жетім баланың немесе ата-анасының қамқорлығысыз қалған баланың мәртебесі туралы анықтама беру.
12. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқуы үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарын қабылдау және оқуға қабылдау.
III. Техникалық және кәсіптік білім беру (Колледждер / ТжКБ) (9)
1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау.
2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау.
3. ТжКБ ұйымдарында білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау.
4. Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру.
5. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттардың (дипломдардың) телнұсқаларын беру.
6. ТжКБ ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру.
7. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді аяқтамаған азаматтарға анықтама беру.
8. ТжКБ ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау и төлеу.
9. ТжКБ ұйымдарында оқуын растайтын анықтамалар беру.
IV. Қорғаншылық, қамқоршылық және балалардың құқықтарын қорғау (13)
1. Арнайы білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау.
2. Балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық (ПМПК) тексеру және кеңес беру.
3. Мүмкіндігі шектеулі балаларға оңалту көмегін көрсету (коррекциялау кабинеттері мен оңалту орталықтарында).
4. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығысыз қалған балалардың үстінен қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу.
5. Жетім баланы (ата-анасының қамқорлығысыз қалған балаларды) бағуға қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жәрдемақы төлеуді тағайындау.
6. Кәмелетке толмаған балалардың мүлкімен мәмілелер жасасу үшін қорғаншылық және қамқоршылық органының анықтамаларын беру.
7. Балаларды патронаттық тәрбиелеуге беру және ақшалай қаражат төлеуді тағайындау.
8. Балаларды қабылдаушы отбасыға беру және ақшалай қаражат төлеуді тағайындау.
9. Кәмелетке толмағандарға некеге тұруға рұқсат беру.
10. Балаларды асырап алуды қалайтын адамдарды есепке қою.
11. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығысыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге алғысы келетін Қазақстан Республикасы азаматтарының психологиялық дайындықтан өтуі үшін құжаттарды қабылдау (балалар үйлері мен жасөспірімдер үйі).
12. Жасөспірімдер үйлеріне құжаттарды қабылдау және орналастыру.
13. Баланы (балаларды) қонақжай отбасына беру.
V. Қосымша білім беру және кадрлық қызмет
1. Балаларға қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау (музыка, өнер мектептері, оқушылар сарайлары).
2. Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өтуге құжаттар қабылдау.
3. «Үздік педагог» грантын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау.
4. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бос немесе уақытша бос лауазымдарына орналасуға конкурсқа қатысу үшін педагогтердің құжаттарын қабылдау.
Документы
Басқа
24 июня 2026
Педагогтердің аттестаттаудан өтуі үшін құжаттарды қабылдау
Басқа
24 июня 2026
Жауапты тұлғалардың байланыс мәліметтері
Анықтама
24 июня 2026
«Павлодар облысының білім беру басқармасы» ММ 2026 жылғы 1-тоқсандағы мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қызметінің есебіне аналитикалық анықтама
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы