С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада Рухани Келісім күнін мерекелеуге орай Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айгүл Маликованың қатысуымен Діни бірлестіктер басшылары клубының дөңгелек үстелі өтті. Жиында облыс әкімінің орынбасары құттықтау сөз сөйлеп, конфессияаралық келісім қазақстандық қоғамның рухани дамуының негізі болып табылатынын атап өтті.
Сондай-ақ, дөңгелек үстелде облыс дін істері басқармасының басшысы Нұрлан Байбакиров басқарманың ағымдағы жылғы атқарылған жұмыстары мен өткізіліп жатқан іс-шаралары туралы баяндады.
Діни қауымдардың өкілдері облыс басшылығына қолдау көрсеткені үшін алғыстарын білдіріп, өз ұсыныстарын жеткізді. Жиын барысында айтылған ұсыныстардың барлығы назарға алынды.
Конфессиялардың көшбасшылары мен діни қызметшілері рухани тәрбиенің, конфессияаралық келісімнің және қоғамымыздың басқа да өзекті тақырыптарының әртүрлі мәселелері талқыланатын «Дөңгелек үстелдерге» және біздің аймақтың барлық қоғамдық іс-шараларына белсенді қатысады.
Қазақстанда діни сенім бостандығы мен ресми діни қызмет жүргізу үшін барлық жағдай жасалған.
Қазақстан Республикасының Рухани Келісім Күні қарсаңында «Колос» МДО-да діни бірлестіктер жастарының қатысуымен шығармашылық фестивалі өтті. Әр түрлі конфессиялардың өкілдері өнер мен шығармашылық арқылы біздің қоғамның бейбітшілігі мен бірлігінің маңыздылығын көрсету үшін өнерлерін көрсетті.
Рухани келісім күні елімізде 1992 жылдан бері аталып келеді. Аталған шара бейбітшілікті, толеранттылықты, диалогқа ұмтылысты және халықтар арасындағы жақсы қарым-қатынасты нығайтуға бакғытталған. Фестивальге өңіріміздің аумағында ресми түрде өз діни қызметін жүргізіп жатқан тоғыз діни бірлестіктің өкілдері қатысты.
Іс-шарада облыстық дін істері басқармасының басшысы Нұрлан Байбакиров құттықтау сөз сөйлеп, азаматтардың рухани келісімі елдегі тұрақтылықты, тәртіп пен бейбітшілікті нығайтуға ықпал ететінін атап өтті. Фестиваль соңында қатысушылар алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Іс-шараның соңғы аккорды фестивальдің барлық қатысушыларымен ортақ фотосессия болды, ол еліміздің әртүрлі мәдениеттері мен діндеріндегі барлық адамдар арасындағы бірлікті, достықты және өзара сыйластықты білдіреді.
Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, басқарма басшысы Нұрлан Байбақиров бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін діни саласының өзекті мәселелерін жариялағаны үшін алғыс хаттарын табыс етті.
Қазақстан Республикасының Рухани Келісім Күні қарсаңында «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» ЖШС-пен «Квиз» зияткерлік ойынын өткізілді. Ойынға Павлодар облысының діни бірлестіктерінің жас өкілдері қатысты. Жастар діни білімдерде, Қазақстан тарихында, қоғамымыздың мәдениеті мен дәстүрлерінде бақ сынасты.
Мұндай іс-шаралар біздің өңірде ұсынылған және азаматтық қоғам өміріне белсенді қатысатын түрлі конфессиялардың жас өкілдері арасындағы достық байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.
Зияткерлік ойынға барлығы 6 команда қатысты:
Ойын қорытындысы бойынша бас жүлдені Павлодар және Екібастұз епархиясы Павлодар қаласы Благовещенск кафедралдық приходы командасы иеленді. Барлық қатысушылар грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Қазан айының 7-9 аралығында Павлодар облысына Астана және Қазақстан Митрополиті Александр және грек Православие шіркеуінің өкілдері делегациясы келді.
Сапардың негізгі мақсаты – Павлодар облысына Православиенің ұлы қасиетті жәдігері – Тримифунттық әулие Спиридонның шірімеген десницасын әкелу, сондай-ақ православие дінін ұстанушыларға қасиетті жәдігерге тағзым ету мүмкіндігін ұсыну болды.
Сапар аясында Митрополит Александр мен Грек Православие шіркеуі өкілдерінің Павлодар облысы әкімімен кездесуі өтті. Әңгіме барысында конфессияаралық келісім, мемлекеттің діни бірлестіктермен достығы мен өзара іс-қимылы мәселелері талқыланды.
Өңір басшысы делегацияға Павлодар облысына сапары және Павлодар өңірінің рухани өміріне назар аударғаны үшін алғысын білдірді. Әңгіме соңында тараптар естелік сыйлықтармен алмасты.
Сондай-ақ, сапар барысында Қазақстанның Православие Шіркеуінің басшысы Благовещенск шіркеуінде құдайлық литургия өткізді.
Қазақстанда алғашқы республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонына тіркелу басталды. Жоба еліміздің барлық өңірінен қатысушыларды біріктіріп, кітап оқуды насихаттау мен оқу мәдениетін дамытуға бағытталған ең ауқымды ұлттық бастамалардың біріне айналмақ.
Марафон 2026 жылғы қыркүйек айынан 2027 жылғы сәуірге дейін қазақ және орыс тілдеріндегі екі лигада өтеді. Жоба 7 бағытты қамтиды:
- «Кітап оқитын мектеп» — 6–10 сынып оқушылары;
- «Кітап оқитын колледж» — колледж студенттері;
- «Кітап оқитын университет» — жоғары оқу орындарының студенттері;
- «Кітап оқитын педагог» — мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары;
- «Кітап оқитын әулет» — отбасылық командалар;
- «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» — мемлекеттік қызметшілер;
- «Кітап оқитын зияткер» — жасына және қызмет саласына шектеу қойылмайтын барлық азаматтар.
Әр қатысушы өз бағыты бойынша арнайы іріктелген 330 кітаптан тұратын қордан 15 кітап оқуы қажет. Оның 165-і қазақ тілінде, 165-і орыс тілінде ұсынылған. Кітаптар тізіміне отандық авторлардың шығармалары, әлем классикасы және заманауи туындылар енді. Тізімді жасақтау кезінде жалпыұлттық дауыс беру қорытындысы бойынша «100 кітап» тізіміне енген шығармалар, сондай-ақ әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары жазған туындыларды қоса алғанда, әлемдік бестселлерлер де ескерілді.
Негізгі оқу кезеңі биыл қыркүйек айында басталып, 2027 жылғы наурызға дейін жалғасады. Осы уақытта қатысушылар кітаптарды оқып, жеке кабинетінде пікірлерін жариялап отырады. Ал 2027 жылғы наурыз–сәуір айларында қорытынды тестілеу мен зияткерлік квиздер өткізіледі.
Өңірлік кезеңдердің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйлықтар табысталады: 1-орын — 600 000 теңге; 2-орын — 450 000 теңге; 3-орын — 300 000 теңге.
Барлық финалист дипломдармен және электронды сертификаттармен марапатталады.
«Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Тұрлыбековтің айтуынша, жобаның негізгі мақсаты байқаудың өзімен ғана шектелмейді.
«Бүгін біз «Кітап оқитын ұлт» алғашқы республикалық марафонына тіркелуді ашып, осылайша жасы, мамандығы мен қызығушылығы әртүрлі адамдарды кітап төңірегіне біріктіретін үлкен жалпыұлттық қозғалысқа жол ашып отырмыз.
Баршаңызды марафонға қатысуға шақырамын. Бірлесе отырып, кітап оқуды Қазақстандағы заманауи өмірдің маңызды құрамдас бөлігіне айналдыра аламыз деп сенемін. Сондай-ақ зерделі ұлттың — қуатты, білімді әрі ойлайтын ұлт екенін көрсете аламыз», — деді Бақытжан Тұрлыбеков.
Қатысу ережелері, бағыттар бойынша регламенттер және кітаптар тізімі жобаның ресми сайтында жарияланған: www.reading-nation.kz
Республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафонын жүзеге асыруға жобаның бірқатар маңызды серіктестері де атсалысуда. Қазақстан Жазушылар одағы, Креативті индустрияларды дамыту қоры, KITAP және «Яндекс Кітаптар» цифрлық платформалары оқу мәдениетін дамытуға, заманауи әдеби бастамаларды қолдауға және оқырмандардың кітаппен өзара байланысуына жаңа мүмкіндіктер жасауға ықпал етпек.
Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.
«Jenimpaz» үстел теннисінің орталығында Павлодар облысының діни бірлестіктерінің жастары арасында турнир өтті. Үстел теннисінен жарысқа біздің өңірдің 6 діни бірлестігі қатысты: 1. ҚР ҚМДБ «Мәшһүр Жүсіп» атындағы облыстық мешіт; 2. Павлодар қ. Благовещенск кафедралды соборы; 3. Павлодар қаласының «Әулие Тереза сәби Иса» Рим-Католик шіркеуі; 4. Павлодар қ. «Надежда» әдістемелік шіркеуі; 5. Павлодар қ. «Жаңа өмір» шіркеуі; 6. Павлодар қ. «Иса Мәсіх» шіркеуі. Жарысқа барлығы 16 жас діни бірлестік өкілдері қатысты.
Бұл турнирді облыстық дін істері басқармасының ведомстволық бағынысты ұйымы «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» ЖШС ұйымдастырды және өткізді. Турнир қорытындысы бойынша жүлделі үштік қалыптасты:
1) Ботабаев Батырхан (ҚР ҚМДБ «Мәшһүр Жүсіп» атындағы облыстық мешіт);
2) Бейсембаев Мәди (ҚР ҚМДБ «Мәшһүр Жүсіп» атындағы облыстық мешіт);
3) Исагулов Дамир («Надежда» әдіскер шіркеуі).
Айта кететін жайт, бұл турнирде Павлодар қаласы «Иса Мәсіх» шіркеуінің өкілі Гах Адам ең жас қатысушы болды (12 жаста). Жас жігіт жарыстың аға қатысушылары арасында жоғары дайындық деңгейін және жарқын ойын көрсетіп, бесінші орынды иеленді.
Бірінші және бесінші орын аралығында ұтысқа ие болған қатысушылар дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
А.ж. тамыз айында Павлодар облысына Қазақстан митрополиттік округінің басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александр келді.
Сапар аясында митрополит Александр Павлодар облысының әкімі А.Байхановпен кездесті.
Әңгіме барысында конфессияаралық келісім, рухани-адамгершілік тәрбие, қайырымдылық және мемлекет пен діни бірлестіктермен өзара іс-қимылы мәселелері талқыланды.
Кездесу достық жағдайда өтті. Митрополит округінің басшысы әкімге Жетісудың рухани және мәдени маржаны – Алматының Вознесен кафедралды соборы туралы баяндайтын кітап-альбомын сыйлады. Өз кезегінде А. Байханов Митрополит Александрға Павлодар қаласының Благовещенск кафедралды соборы бейнеленген жергілікті суретшінің картинасын ұсынды.
Өңір басшысы Митрополит Александрға Павлодар облысына сапары және Павлодар өңірінің рухани өміріне назар аударғаны үшін алғысын білдірді.
Сапар барысында Қазақстанның Православие Шіркеуінің Басшысы 15 және 16 тамызда Михаило-Архангельск шіркеуінде және Благовещенск кафедралдық соборында құлшылық рәсімдерін өткізді.
Павлодар облысының қоғамдық кеңесінде 13 шілдеде азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимылды жүргізу және ТБН аясында Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижесінің жобаларын талқылау мәселелері жөніндегі комиссиясы отырысы өтті.
Аталған шараға Облыстық кеңес мүшелері, мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Басқарма басшысы Н. Байбакиров 2025 жылғы 1 маусым мен 2026 жылғы 31 мамыр аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша ақпарат берді. Аталған баяндамада, мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі әкімшілік кедергілерді болдырмау, сонымен қатар, ведомстволық бағынысты ұйым - «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» ЖШС қызметінің барынша ашық болуы қажет деді.
Басшы баяндамасын қорытындылай келе, қоғамдағы сыбайлас жемқорлық жағдайларына төзбеушілік және оның алдын-алу шаралары жалғаса бертінін жеткізді.
Павлодар облысына Қарағандыдан діни бірлестіктер өкілдері келді. Келген қонақтар қатарында облыстық дін істері басқармасының қызметкерлері мен Қарағанды облысының діни бірлестіктерінің өкілдері болды. Келген қонақтардың қатарында Қарағанды облысының дін істері басқармасы қызметкерлері мен діни бірлестіктерінің өкілдері болды.
Сапар аясында С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада бірлескен «Дөңгелек үстел» өткізілді, оған Павлодар облысының дін істері басқармасы қызметкерлері мен жергілікті діни бірлестіктерінің өкілдері қатысты. Кездесудің тақырыбы: «Жаңа Конституция – мемлекеттік және конфессиялық диалогтың негізі». Сондай-ақ. сыбайлас жемқорлық мәселелері, қоғамдағы парасаттылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық құндылықтарын ілгерілету және басқа да өзекті мәселелер қаралды. Діни бірлестіктер өкілдері өзекті мәселелерге өз көзқарастарын білдіре алды, ал мемлекеттік органдардың қызметкерлері қолданыстағы заңнаманың нормалары туралы айтып өтті.
Кездесуге қатысушылар талқыланған мәселелердің өзектілігіне тоқтала келе, ынтымақтастық байланыстың маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, екі облыстың діни бірлестіктері өкілдері бір-бірімен танысып, пікір алмасу және ашық пікірталас өткізуге мүмкіндік алды.
Дөңгелек үстел аяқталғаннан кейін қонақтарға Павлодар қаласының көрікті жерлеріне экскурсия ұйымдастырылды. Қарағанды делегациясы «Мәшһүр Жүсіп» атындағы мешітіне, Благовещен кафедралдық соборына және Г.Н. Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайына барды.
Еліміздің басқа өңірден діни бірлестіктер өкілдерінің келуі қоғамдағы конфессияаралық келісімді, бейбітшілік пен толеранттылықты нығайтуға күш сала отырып, діни қауымдастықтар арасындағы рухани байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.
Бүгін облыстық дін істері басқармасының басшысы Н. Ж. Байбақиров жұмыс сапарымен Ақтоғай және Ертіс аудандарына келді.
Іссапар барысында аудандық әкімдіктердің мемлекеттік қызметшілері мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне арналған кездесулер, зайырлылық қағидаттарын іске асыру бойынша ақпараттық-түсіндіру семинарлары өткізілді. Аталған шаралар кезінде қатысушыларға мемлекеттің зайырлылық негіздері, дін саласындағы мемлекеттік саясат туралы мағлұматтар берілді, сондай-ақ дін саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларының нормалары түсіндірілді.
Басқарма басшысы аталған аудандардағы діни ахуалмен және жергілікті діни бірлестіктер қызметімен танысты. Содан кейін, мешіттер мен шіркеулерге барып, салынып жатқан ғибадат нысандарының құрылысымен танысты.