
Бүгін Б. Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледж базасында экстремизмнің алдын алу мәселелеріне арналған семинар өтті. Кездесуге 70-ке жуық колледждер мен қаладағы мамандандырылған мектептердің басшылары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және психологтар қатысты. Іс-шара Білім беру мен Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен өтті. Семинар барысында дін істері басқармасының өкілдері экстремизмнің алдын алудың тиімді әдістері, педагогтердің қазіргі заманғы қауіптер туралы хабардарлығын арттыру және жастардың теріс идеологияларға қарсы тұру дағдыларын дамыту мәселелері жөнінде баяндады.
Осындай семинарлар басқа қалалар мен аудандарда да өткізіліп, білім беру мекемелерінің кең ауқымын қамту жоспарлануда.