
Мәдени толеранттылық және діни сауаттылық - бұл бос сөздер емес, үйлесімді қоғам құру қажеттілігі. Қоғамдық сананы жаңғырту діни сауаттылық пен конфессияаралық диалогсыз мүмкін емес», - деп атап өтті ToU ректорының м.а Нұрлан Ержанов.
Кездесу барысында радикализация белгілері, оны анықтау және достар мен таныстар арасында таралуын алдын алу, олардың деструктивті ағымдарға енуін болдырмау, постсекулярлы діншілдіктің ерекшелігі, интернет кеңістігінің жастардың діни сауаттылығындағы ролі, ақпараттық платформалардағы әлеуметтік желілердің оң және кері мүмкіндіктері және өзге де өзекті мәселелер талқыланды.
«Дөңгелек үстел» шарасында, философия және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының меңгерушісі Майра Қожажмарова модераторлық етті.
«Дөңгелек үстел» жұмысына Павлодар облыстық дін істері басқармасының басшысы Балтабай Қаппасов, Павлодар облыстық дін істері басқармасы жанындағы конфессияаралық қатынастарды дамыту және сараптама Орталығының директоры Гүлназ Раздықова, Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Жұлдыз Қабиденова, философия және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының аға оқытушысы Райгүл Салимова және кіші ғылыми қызметкер Айнаш Мажитова қатысты. Жалпы іс-шараға 45 студент қатысты.