«Пасха» мерекесі

«Пасха» мерекесі

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыстық дін істері басқармасының басшысы Балтабай Қаппасов пен Павлодар және Екібастұз Епархиясы Епархиялдық басқармасының хатшысы протоиерей Алексей Степанов «Пасха» мерекесіне орай БАҚ өкілдері үшін баспасөз конференциясын өткізді.

Пасха мерекесі - православ дәстүрінде жаңа өмірдің бастауы, жақсылық пен  жаңарудың салтанат құруын білдіреді, адамдарды жақындастырып, өзара сыйластық пен мейірімділікке, игі істерге шабыттандырады.

Басқарма басшысы облысымыздың православие өкілдерін «Пасха» мерекесімен құттықтай отырып, еліміздегі сан ұлт өкілдері мен әртүрлі дін өкілдері арасындағы өзара ауызбіршілік пен келісімді - басты құндылығымыз деп атап өтті. Бұл туған елдің саяси тұрақтылығы мен экономикалық дамуына өз ықпалын тигізеді.

Конференция барысында, протоиерей Алексей Степанов «Пасха» мерекесі аясында діни іс-шараларды өткізу уақыты мен тәртібі туралы кеңінен мәлімет берді.