Дөңгелек үстелде кездесу

Дөңгелек үстелде кездесу

      Бүгін Облыс дін істері басқармасының басшысы Балтабай Қаппасов дөңгелек үстел барысында Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің уәкілетті тұлғаларымен, өңірдің дін өкілдері, «AQNIET» ақпараттық-насихаттау оңалту орталығы» қоғамдық қоры филиалының өкілдерімен және «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» ЖШС теологтарымен кездесті.

      Кездесуге қатысушылар бірлесіп жұмыс істеу және ҚАЖ органдарына бейінді білім мамандары бар теологтар мен дінтанушыларды тарту мәселелерін, ондағы проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдарын талқылады.

      Айта кетейік, Қазақстанда Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті бар. Онда бүгінгі таңда Павлодар облысынан 28 студент оқиды. Бұдан басқа, Павлодар облысының аумағында он жылдан астам уақыт бойы орта буын діни қызметкерлерін даярлауды ресми мемлекеттік тіркеуі бар Павлодар қаласының «Әбу Бәкір Сыддық» медресе колледжі жүзеге асырады. Мұнда Қазақстанның түрлі өңірлерінен 62 студент оқиды, оның ішінде біздің облыстан 38 адам.