Қандас студенттерімен кездесу

Қандас студенттерімен кездесу

      Облыс ақпараттық-түсіндіру тобына құрамына кіретін басқарма басшысы Б. Қаппасов, облыстың бас имамы Ж.Бердімұратов, сондай-ақ «Отандастар қоры» Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы филиалының басшысы Б. Заутұлы Торайғыров атындағы университет пен Марғұлан университетінде білім алып жатқан Қытай, Моңғолия, Өзбекстан мен Ауғанстаннан елдерінен келген жастармен кездесу өтті.

      Жолдас Бердімұратов халық назарына діни экстремизм мен терроризмді насихаттайтын деструктивті діни ағымдар мен олардың қауіптілігін жеткізіп, жалған діни радикалды ағымдар туралы да айтып өтті. Содан соң, студенттерге интернетте экстремистік материалдарды таратудың зияны туралы әлеуметтік роликтер көрсетіліп, кейін олар талқыланды.

      Кездесуге жалпы 120-дан астам студент қатысты.