«Kaz Trans Oil» АҚ қызметкерлеріне арналған дәріс

«Kaz Trans Oil» АҚ қызметкерлеріне арналған дәріс

Ү.ж. 12 шілдесінде облыстық дін істері басқармасы басшысының м.а. С.Күлжібаев «Kaz Trans Oil» АҚ-ның басқарушы аппаратының қызметкерлеріне арнайы «Радикалды діни идеялардың қауіптілігі» тақырыбында  дәріс оқыды.

Басқарма басшысының міндетін атқарушы «Радикалды діни  идея» деген не, радикалды діни ағымдар идеологиясының таралуы бүгінгі таңда неге аса өзекті болып тұрғандығына назар аудартты. Сонымен қатар  өңірдің дін саласында тұрақтылықты сақтау, мемлекеттің зайырлылық негіздерін нығайту, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында қандай жұмыстар атқарылып жатқандығына тоқталды.

Азаматтардың деструктивті діни  ағымдарға кіруін болдырмау, діни экстремизм мен терроризм идеологиясының  таралауының алдын алу мақсатында С.Күлжібаев Қазақстан Республикасында тыйым салынған діни  бағыттағы ұйымдар туралы, Павлодар облысының өңірлері мен конфессиялары бөлігіндегі діни бірлестіктер туралы хабардар етті.

Жаһандық деңгейде әрекет ететін деструктивті ағымдардың ықпалымен күресте қоғамда ұлттық және діни-рухани құндылықтарды кеңінен насихаттау арқылы ғана біз бүгінгі қоғамды жат идеологиялардың кері әсерінен қорғауды қамтамасыз ете аламыз.