Пасханы мерекелеу туралы баспасөз конференциясы

Пасханы мерекелеу туралы баспасөз конференциясы

Ү.ж. 20 сәуірде облыстың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өтетін 2022 жылға арналған баспасөз-конференция кестесіне сәйкес облыстық дін істері басқармасының басшысы Д. Зәкәриянов пен Павлодар және Екібастұз епархиясы епархия басқармасының хатшысы Протоиерей Алексей Степанов БАҚ өкілдеріне арналған «Павлодар облысында Пасханы мерекелеу туралы» баспасөз конференциясына қатысты.

Пасха дәстүрлі түрде жаңа өмірдің жандануын, жақсылық пен әділеттіліктің салтанатын бейнелейді, адамдардың жүрегін қуанышқа толтырады, бізді игі істерге шабыттандырады.

Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін ғана бұл діни мереке біздің елімізде тек христиандар үшін ғана емес, басқа конфессиялар мен барша қазақстандықтар үшін де өзінің ұлылығы мен маңызын қайта жаңғыртты.

Басқарма басшысы Д.Закарьянов елімізде қалыптасқан әр түрлі дін өкілдері арасындағы өзара құрмет пен келісім біз бағалайтын игілік пен құндылыққа айналғанын атап өтті. Бұл Қазақстанның тұрақтылығының, орнықты экономикалық дамуының және өркендеуінің маңызды факторы болып табылады.

Протоиерей Алексей Степанов журналистерге Пасханы мерекелеу аясында діни іс-шараларды өткізу уақыты мен тәртібі туралы хабарлады.

Баспасөз конференциясының соңында спикерлер журналистердің сұрақтарына жауап берді.