А.ж. 9 ақпанында дін істері басқармасының мемлекеттік қызметшілері Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрына барып, ақиық ақын М.Мақатаевтың туған күніне орай Н.Тұрлыбек «Есіңе мені алғайсың» музыкалы-поэтикалық кешін тамашалады.
Сапарымыздың мақсаты өнердің бір бағыты-театрға тарту, театрға деген қызығушылық пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу, өзара достық қарым-қатынасты қалыптастыру болды.
Спектакль барысында мемлекеттік қызметшілер әртістердің танытқан өнерлерін, декорацияларды, музыканы қызығушылықпен тамашалады. Музыкалы-поэтикалық кеш сәтті өтті!