«Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтары мен принциптері» тақырыбында өткен семинар туралы

«Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтары мен принциптері»  тақырыбында өткен семинар туралы

А.ж. 31 тамызында Павлодар облысы әкімінің орынбасары      А. Құрмановамен бекітілген «Облыстық және аумақтық мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне дін саласындағы мемлекеттік саясат мәселелері бойынша семинар-дәрістер өткізу кестесіне» сәйкес,  облыс дін істері басқармасының басшысы Д. Зәкәриянов Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мамандарына арналған «Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтары мен принциптері» тақырыбында ZOOM алаңында онлайн-семинар өткізді.  

Дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруда мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету, қоғамның зайырлы негіздерін нығайту және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында ұйымдастырылған семинарда басқарма басшысы Д.Зәкәриянов тақырыпқа сай слайдар көрсетілімін ұсынды.

Мұнда ол дін саласындағы тұрақтылықты сақтау бойынша мемлекеттік органдардың міндеттері мен функциялары, діни қатынастарды реттейтін нормативтік-құқықтық база туралы айтып берді, Павлодар облысының өңірлері мен конфессиялары бөлігіндегі діни бірлестіктер мен ҚР аумағында тыйым салынған 23 экстремистік және террористік ұйымдарға тоқталып, тыңдаушылар арасында деструктивті Интернет сайттардың ықпалына ұшырауын болдырмау мақсатында, алдын алу жұмыстарын жүргізді.

Семинар соңында деструктивті діни ағымның ықпалына ұшыраған жағдайда, жалпы психологиялық, теологиялық, құқықтық  сұрақтар туындаған жағдайда 62-01-01 сенім телефонына жүгіну ұсынылды.

Басқарманың басым бағыттарының бірі болып  консультативтік-әдістемелік жұмыс болғандықтан, осы сияқты семинарлар кестеге сай жалғасады.