Қазақстанның дін саласындағы заманауи тенденциялар

Қазақстанның дін саласындағы заманауи тенденциялар

Ү.ж. 3 тамызда жастар арасында діни экстремизм идеологиясының таралуының алдын алу мақсатында облыстық дін істері басқармасы Жастар бастамаларын дамыту орталығымен (ЖБДО) бірлесіп «Қазақстанның дін саласындағы заманауи тенденциялар» телебағдарламасын дайындады. Бұл іс-шара онлайн режимде ЖБДО алаңында өткізілді.

Жүргізушімен диалогты облыстық дін істері басқармасының басшысы Д. Зәкәриянов жүргізді. Өз сұхбатында ол қазіргі қоғамдағы діннің рөлі, әр адамның өміріндегі, Қазақстанда, оның ішінде тәуелсіздік жылдарында біздің облыста болған дін саласындағы процестер мен өзгерістер, сондай-ақ болашақта бізді күтетін үрдістер туралы айтты. Сондай-ақ, басқарма басшысы бүгінгі таңда дін саласындағы ең маңызды проблемаларды, жастардың кейбір бөлігінің діни радикализм мен экстремизм идеологиясына ұшырау себептерін, сондай-ақ жастарды деструктивті діндердің ықпалынан сақтандырудың жолдары мен әдістерін ашты.

Бүгінгі күні терроризмге және діни экстремизмге қарсы іс-қимылда мемлекеттің заңнамалық базасы маңызды рөл атқаратындықтан, Д.Зәкәриянов біздің азаматтарымыз, әсіресе жастар білуі тиіс нормативтік-құқықтық актілерге де тоқталды.

Бағдарлама соңында басқарма басшысы жастарға өз танымдарын кеңейтуге, дін туралы алған барлық ақпаратты, ең алдымен, ресми тіркелген діни бірлестіктердің бастапқы көздері мен сайттарына сүйене отырып, сыни тұрғыдан түсінуге ұмтылуды тіледі.

Сұрақтар мен проблемалар туындаған жағдайда облыстық дін істері басқармасының «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ сенім телефонына (62-01-01) жүгіну ұсынылды, ол арқылы барлық қажетті теологиялық, психологиялық және құқықтық көмек көрсететіндігі айтылды.