Аққулы ауданының ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелеріне арналған оқыту семинары

Аққулы ауданының ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелеріне арналған оқыту семинары

Ү.ж. 13 мамырында облыс дін істері басқармасының басшысы Д.Зәкәриянов, «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ басшысы Г.Раздыкова және теологы Б.Асылханов өңірдегі дін саласындағы тұрақтылықты сақтау, мемлекеттің зайырлылық негіздерін нығайту және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында Аққулы ауданының ақпараттық-түсіндіру топтарының (АТТ) мүшелеріне арналған оқыту семинарын өткізді. Семинарда АТТ міндеттері, ресурстар, нормативтік-құқықтық база айтылды, ҚР аумағында тыйым салынған экстремистік және террористік ұйымдар, әлеуметтік желілер мен интернет-ресурстардағы ақпараттық қауіпсіздік шаралары сияқты мәселелер қаралды. АТТ мүшелеріне әдістемелік көмек көрсету - басқарма қызметінің басым бағыттарының бірі. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.